• Басты
  • Р.Дәленов: 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен босатылады
9 Желтоқсан, 2019 13:02

Р.Дәленов: 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен босатылады

2020 жылдың 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен бостылады. Бұл туралы елордада "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері" тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Р.Дәленов: 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен босатылады

Аталған шара барысында алғашқы қорытындылармен қатар мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері де қаралды.

Конференцияның пленарлық отырысына қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің экономика саласына қатысты қорытындыларымен бөлісті. Оның сөзіне сүйенсек, 2019 жылдың он айы бойынша, Қазақстан экономикасы жақсы нәтижелер көрсеткен.

"Жалпы биыл Қазақстан экономикасы жақсы нәтижелер көрсетуде. Экономикамыз тұрақты даму үстінде. Мәселен, ЖІӨ өсімі маусым айында 2,9 пайыздан 4,1 пайызға дейін өсті, ал 10 айда өсім 4,4 пайызды құрады. Экономикалық белсенділіктің өсуі көбінесе шикізаттық емес өндірісті кеңейтуге байланысты. Екі еселенген өсім жеңіл өнеркәсіпте (+ 18,9пайыз) және фармацевтика саласында (+ 15,2 пайыз), сонымен қатар машина жасауда (+ 18,8) байқалып отыр. Оның нақты көрсеткіштері туралы айтсам, 34 мың вагон құрастырылды, бұл бұрынғымен салыстырғанда 1,5 есе көп, ал жүк машиналарын құрастыру 3,5 есеге артты", - деді ол. 

Сонымен қатар оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысында Ұлт жоспары қабылданып, қазір негізгі бес бағыт бойынша жұмыс істеліп жатыр.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысында Ұлт жоспары қабылданды. Ол бес негізгі бағытқа негізделген. Нақтырақ айтсам, заманауи тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі және мықты аймақтар - қуатты ел. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, биыл бес жылға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламалар жасалды, онда Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген нұсқаулар көрсетілген", - деді Дәленов.

Сондай-ақ ұлттық экономика министрі экономиканың жақсы нәтижелер көрсетуі өндірістегі дамумен байланысты екендігін атап өтті.

"Тұтастай алғанда, өндірістегі белсенділік еңбек нарығының көрсеткіштеріне оң әсер етті. Осы жылдың қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Нақты кірістер өсуде. Ағымдағы жылдың 9 айында өсім 6,4% құрады. Ағымдағы жылдың қараша айы бойынша, инфляция 5,4 ппайызды құрады. Ал, жалпы тауар айналымы 70,4 миллиард теңгені құрады. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында сауда балансы 15 млрд доллордан асты, ал экспорт көлемі -  42,7 млрд доллорды, импорт - 27,6 млрд доллорды құрап отыр", - деді министр.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жолдауда көрсетілген басым міндеттердің бірі.

"Бүгінгі таңда елдегі белсенді халықтың 30% -дан астамы шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда ШОБ (шағын және орта бизнес) саны 1,5 есеге артып, 1,3 миллионға жетті. Микро және шағын кәсіпкерліктің субъектілері үш жыл ішінде табыс салығынан босатылады. Бұл Жолдауда айтылды және бүгінгі күні заңнамалық түзетулер әзірленді, олар 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енбек", - деді Дәленов.

Оның айтуынша, заңнамалық түзетулердің күшіне енуі миллиардтаған қаражатты үнемдеуге, жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, ол бизнес 3 жылда 382 миллиард теңге үнемдейтінін айтты. Оның сөзіне сүйенсек, үнемделген қаражат кәсіпкерлерге айналым қаражаттарын толықтыруға және олардың қызметін жақсартуға мүмкіндік бермек. 

"Сонымен қатар IMB үшін салықтан босатумен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жылға тексеруге мораторий енгізіледі. Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі. Орташа алғанда, 3 жыл ішінде 3000-нан астам тексеру жүргізілмейді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтып, бизнес ортаның тұрақтылығын, бизнестің жеңілдігі мен бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етпек", - деді ұлттық экономика министрі.

Бұдан басқа министр бизнес саласын қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. 

"Кәсіпкерлік саласын қолдау үшін де жүйелі түрде шаралар қолданылуда. Бұл мәселе мемлекет басшысының Жолдауында ерекше атап өтілді. Тоқаевтың тапсырмасымен "Бизнестің жол картасы-2025" жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020-2022 жылдарға 250 млрд теңге бөлінді. Ал "БЖК-2025"  үшін барлығы 421 миллиард теңге қарастырылған. Бұл 5 жылға арналған", - деді Дәленов.

Сонымен қатар ол жыл соңына қарай қабылданатын мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, "БЖК-2025", "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "2025 жылға дейінгі өңірлерді дамыту", "Денсаулық", білім мен ғылымды дамыту бағдарламалары қабылданбақ. Аталған жаңа мемлекеттік бағдарламалар мемлекет басшысының Президенттің сайлауалды бағдарламасы, Үкіметтің кеңейтілген отырысы және Қазақстан халқына Жолдауы аясында берәлген тапсырмаларын ескереді.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
199.16.157.181, 192.168.88.100