• Басты
  • Р.Дәленов: Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 4,4 пайызға өсті
12 Қараша, 2019 10:25

Р.Дәленов: Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 4,4 пайызға өсті

Елімізде жалпы ішкі өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 4,4 пайызға өсті. Бқл жөнінде Үкімет отырысында биылғы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Р.Дәленов: Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 4,4 пайызға өсті

"Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 4,4 пайызға өсті. Экономиканың өсуінің факторлары инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныстың және шағын және орта бизнес үлесінің ұлғаюы, өнеркәсіптің кіші салаларындағы өсім және мұнай өндірудің қалпына келуі болып табылады. Экономиканың салалары бойынша инвестициялық жобалар тобы құрылды. Бұл ортамерзімдік перспективада экономиканыңы тұрақты және сапалы өсу негізін құрайды. Сонымен бірге бұл елдегі іскерлік белсенділікке оң әсер етеді. Инвестициялар 8,2 пайызға өсті", - деді дәленов. 

Оның айтуынша, халықтың нақты табыстарының өсімі де артқан. Мәселен, 2019 жылдың он айында тұрғындардың нақты табысы 6,4 пайызды құраған. Сондай-ақ ол жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,5 пайызға дейін артқанын атап өтті. Бұдан бөлек министр өнеркәсіп салаларына тоқталды, оның айтуынша, аталған салада да өсу байқалады.

"Өнеркәсіп саласы орнықты өсу үрдісін сақтап отыр.  Қаңтар-қазанда өсім 3,5 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға өсті. Өсім негізгі өңдеу салаларында қол жеткізілген қарқынын сақталуымен қамтамыз етілді. Олар жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және сусындар өндірісі. Мұнай өндірудің қалпына келтіру есебінен кен өндіру өнеркәсібінде өсу 3,7 пайызға артты. Түсті металдарды өндіру 18 пайыз деңгейінде жоғары өсім қарқыны сақталды", - деді министр.

Сонымен қатар ұлттық экономика минситрі сыртқы сауда айналымының артқанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, экспорт көлемі қыркүйекте 7 млрд долларды, ал импорт көлемі 27,6 млрд долларды құрады. 

"Ауыл шаруашылығы салаларында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3, 9 пайызға ұлғайды. Бұл ретте өсімдік шаруашылығының нақты көлемі 96,8 пайызға дейін жақсарды. Көретілетін қызметтер саласындағы өсу 4,4 пайызды құрады. Сауда көлемі 7,5 пайызға, көлік 5,6 пайызға, байланыс 4,5 пайызға өсті. Қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 1,5 пайызға өсіп, 70,4 млрд долларды құрады. Экпорт көлемі қыркүйекте 7 млрд долларды, ал импорт көлемі 27,6 млрд долларды құрады", -- деді Р.Дәленов. 

Сондай-ақ министр баяндамасында өңірлердегі экономикалық көрсеткіштерге де тоқталып өтті. Кейбір облыстарда бірқатар сала бойынша көрсеткіш төмендеген.

"Өнеркәсіп бойынша Маңғыстау облысы 0,2 пайыз өсіммен оң аймаққа шықты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында әлі де төмен орындалуда. Ауыл шаруашылығында Қостанай облысында ғана өнім шығару төмендеді. Бұл ретте төмендеу тереңдігі 33,8 пайыздан 22,8 пайызға дейін қысқарды. Құрылыс және негізгі капиталдарға салынған инвестициялар бойынша артта қалған өңірлер саны қысқарды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс бойынша 3,9 пайыз деңгейінде, инвестициялар бойынша 2,9 пайыз деңгейінде оң өсім көрсетті. Құрылыс және инвестициялар бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында төмендеу байқалды. Одан басқа Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстары төмендеді", - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердің көбінде өсу байқалып отыр.

"Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары 4 көрсеткіш бойынша, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары 3 көрсеткіш бойынша жоғары өсім көрсетті. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 3 көрсеткіш бойынша, Маңғыстау облысында 2 көрсеткіш бойынша төмендеу байқалды. Одан басқа Маңғыстау облысында қыркүйекпен салыстырғанда 3 көрсеткіш бойынша бәсеңдеу тіркелді. Алматы, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 көрсеткіш бойынша төмендеу және 2 көрсеткіш бойынша бәсеңдеу байқалды. 

Бұдан бөлек министр экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың қандай шаралардың орындалуына баса наза аудару керектігіне тоқталып өтті. 

"Жыл қортындысы бойынша экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келеідей шараларға назар аударуы қажет. Біріншіден, экономиканың базалық салаларды және өңірлерде қол жеткізілген өсу қарқынын төмендетпеу керек. Екіншіден, өңірлер жергілікті жерде азық-түлік бағасын ерекше бақылауға алуы қажет. Сонымен бірге құрылыс объектілернің мерізімінде аяқтауды қамтамасыз ету және инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету керек", - Р.Дәленов.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды