- Басты
- ҚР Бас санитарлық дәрігері: Коронавирус жұқтырған бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін
ҚР Бас санитарлық дәрігері: Коронавирус жұқтырған бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін
Вирус өте жұқпалы. Коронавируспен ауыратын бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысын таныстырған баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Вирус өте жұқпалы, бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін. Науқас алғашқы белгілер пайда болғанға дейін инфекцияны басқа адамдарға жұқтырады. Мұнда жағдай бізде Алматы қаласында және Нұр-Сұлтанда бар. Бір пациенттен 2-ден 7-ге дейін ауру жұқтырған. Бұл мәліметтер вирустың өте жұқпалы екенін тағы бір дәлелдейді. Сондықтан мұның алдын алу шарасы - карантин", - деді ҚР Бас санитарлық дәрігері.
Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыдағы мәселелерге тоқталып өтті. Оның сөзінше, бүгіннен бастап шеттен келген азаматтардың бәрін тексеру үшін стационарларға жатқызылатын болады.
"Коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - КОВИД-19) Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында мен бүгін "Қазақстан Республикасы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы" қаулы шығардым. Қаулыға сәйкес инфекция таралуының қазіргі сипатын ескере отырып, біз біз шетелден келген адамдарды бақылауды жалғастырамыз. Бүгіннен бастап шетелден келген барлық адамдар КВИ-ге зертханалық зерттеу үшін келген сәттен бастап карантиндік cтационраға оқшауланатын болады", - деді ол.
Ал оның айтуынша, нәтижелері шыққаннан кейін оң нәтиже көрсеткендер емделу үшін жұқпалы аурулар ауруханасына, ал теріс нәтиже көрсеткен адамдар 11 күнге үй карантиніне жіберіледі.
Бұдан бөлек ҚР Бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырып, қайтыс болғандардың жаназасы қалай шығарылатыны жөнінде айтып өтті.
"Алгоритм бойынша инфекциядан қайтыс болған адамды тума-туыстарына беруге болмайды. Сондай-ақ мейiттi союға да болмайды. Жақын туыстарына 3 метр қашықтықта тұрып қоштасуға 30 минут уақыт берiледi. Жерлеу рәсіміне бір діни қызметкер қaтысaды. Сoнымен бірге жерлеу рәсiмi кeзiнде санитарлық-эпидемиялық қызмет қызметкерiнiң бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтедi", - деді Айжан Есмағамбетова.
Oның сөзінше, жерлеу кезінде эпидeмияғa қaрсы бaрлық шаралaр қатаң сақталады.
Назерке Сүйіндік
-
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»

