• Басты
  • Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады

Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады

22 Қаңтар, 2021 12:59

2021 жылдың шілдесінде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексін ҚР Әділет министрлігінің Заңнамалар департаментінің директоры Думан Сүлейменов пен ҚР Жоғары Сотының судъясы Аслан Түкеев Strategy2050.kz тілшісіне түсіндірді.

 


2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдеу- процессуалдық Кодексі Қазақстан азаматтары рәсімдік кепілдіктер алу мүмкіндігіне ие болады.

ҚР Әділет министрлігінің Заңнамалар департаментінің директоры Думан Сүлейменовтің айтуынша, ендіз кез келген ҚР азаматы мен қандай да бір мемлекеттік орган арасында дау туындаса, ол азамат өз мүдделерін өзіне тиімді түрде қорғай алады.

photo5210791470859137259.jpg

«Рәсімдік кепілдіктер бірнеше аспектілер бойынша жүзеге асады. Біріншісі, тыңдау процедурасы. Егер мемлекеттік орган азаматқа қандай да бір мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартса немесе азаматқа қандай да бір ауыртпалық салғысы келсе, мәселен, мемлекеттік бақылаудың қадағалауы шеңберінде, онда мемлекеттік орган шешім шығарар алдында азаматқа ескерту керек немесе оған қосымша аргументтер келтіруге мүмкіндік беруі тиіс», - деді ол.

Яғни мемлекеттік орган тарапынан қабылданатын шешім азаматтар үшін зиянынан пайдасы көбірек болу үшін арнайы шаралар қолданылады. Егер мемлекеттік орган қабылдаған шешім азамат үшін тиімді болса, онда ол өзгеріссіз қалу керек. Бұл жерде сенім құқығы негізінде бекітіледі. Заңгер мысал келтірді.

«Мысалы, азамат мемлекеттен жер учаскесін алды. Ол құжаттарды тапсырды, жерді ресми түрде өзінің атына рәсімдеді де қолдануға көшті. Белгілі уақыт өткен соң прокуратураның тексеруі кезінде азамат рәсімдеген жер учаскесіне қатысты заңбұзушылықтар орын алғаны белгілі болады. Алайда, жаңа Кодекске сәйкес, әкімдік бұл жер учаскеге актіні кері қайтармайды. Құқықбұзушылық азаматқа зиянын тигізбеу керек. Демек, Кодекс азаматтарды осындай күтпеген жайсыздықтардан сақтайды. Егер мысалдағы әкімдіктің акті кері қайтарылса, азаматқа өтемақы алуға құқылы», - деді Думан Ақжанұлы.

Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексі азаматтардың мемлекеттік органға қатысты өтінішін, арызын қарауды реттейді. Міндетті сотқа дейінгі шағымдану институты құрылады. Азаматтар мемлекеттік орган тарапынан қолайсыз шешім шыққанына куә болса, алдымен жоғары тұрған органға барып шағымдана алады. Ол орган төмен тұрған органға шешімнің заңды түрде шығарылғанына тексеру жүргізе алады. Егер азамат бұл шешімге де қанағаттанбаса, әкімшілік сотқа барып шағымдана алады.

«Бұл Кодекс азаматтар үшін қолайлы деп айтуға әбден болады. Енді азаматтар мемлекеттік органмен ашық түрде, Заң аясында дауласып, мәселені өз пайдасына шешуге болады. Сонымен қатар Кодексте азаматтар үшін өтінім беруден бастап, шешім шыққанға дейінгі кезеңде жасалатын әрекеттер қадам бойынша көрсетілген. Егер мемлекеттік орган тарапынан қате шешім шықса, азамат шағымдана алады», - деп заңгер жаңа Кодекстің пайдасын түсіндірді.

ҚР Жоғарғы соттың судьясы Аслан Түкиевтің айтуынша, бұл Кодекс күшіне енгеннен бастап азаматтар көп жағдайда сотта жеңіп шығады.

аслан.jpg

«Бұл кодекске дейін, егер азамат жазған арыз дұрыс емес болса немесе рәсімделу кезінде қате болса, сот қарастырудан бас тарта алатын. Жаңа Кодекс бойынша судья дұрыс рәсімдеуге көмектесуі керек және мемлекеттік орган шешімі дұрыс екенін дәлелдеуі керек. Бұрын осы мәселелер азаматтық процессуалдық Кодексте қарастырылған. Онда екі тарап бірдей болған. Сондықтан 80% сотта мемлекеттік орган жеңген, енді басқаша болады. Азаматтарда Сотта жеңуге мүмкіндік көп», - деді Аслан Сұлтанұлы.

Судьяның түсіндіруінше, мемлекеттік органдардың азаматтардың алдында жауапкершілігі мен тәртібін арттырады.

«Жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты жиырма бір сот құрылуда. Жаңа судьялар жұмысқа іріктеліп қабылданады. Кодексте азаматтардың мүдделерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз және жеткілікті түрде уәжделмеген шешімдерінен қорғауға арналған қағидаттар енгізіледі», - деді ол.

Бұл Қазақстанның құқық жүйесіндегі жаңа құжат болып табылады. Қазір судъялар мен мемлекеттік органның қызметкерлерін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кодекске сәйкес, судъялардың рөлі ерекше болмақ. Себебі, судъялар Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодекске сәйкес мемлекеттік органдар шығарған шешімге тексеру жүргізе алады. Жеке әкімшілік судъялар құрылады. Олар ҚР азаматтары мен мемлекеттік органдар арасында туындаған дауларды қарайды.

Барлық жаңалықтар