• Басты
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды
27 Желтоқсан, 2019 11:48

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды


Шегірткеге қарсы химиялық күрес шараларының орындалмауы қаупіне байланысты ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі «Император, 20% в.к.» пестицидінің мемлекеттік тіркеуін мерзімінен бұрын тоқтатты. Енді бұл химиялық өнім Қазақстанда қолданылмайды. 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды

2018 жылы «Пестициды» ЖШС-і Қазақстан аумағына үлкен көлемде «Император 20% в.к.» (имидаклоприд, 200 г/л) пестицидін кіргізген. Шегірткеге қарсы күресу үшін пайдаланылатын препараттың тіркеушісі (иесі) «Шанхай МИО Кемикал Ко., Лтд.», ҚХР болып табылады.

Республиканың оңтүстік аймақтарында «марокко» шегірткесіне қарсы химиялық күрес жүргізу кезінде «Император, 20% в.к.» пестициді фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні, оның биологиялық тиімділігі төмен (30% - дан кем)  екенін көрсетті. 

Аталмыш химиялық өнімді алдағы уақытта пайдалану 1,054 млн. га жерде шегірткеге қарсы күрес шараларының тиімсіз болуына алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайларда «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңда «пестицидті» мемлекеттік тіркеу куәлігінен айыру (қайтарып алу) қарастырылған.

Осыған байланысты, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің № 333-Н бұйрығымен 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бастап «Император, 20% в.к.» пестицидін мерзімінен бұрын тіркеу куәлігін кері қайтарып алып, аталмыш химиялық препаратты мемлекеттік тіркеуден өткізуге тиым салды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды