• Басты
  • ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді
16 Маусым, 2020 18:27

ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді

Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді
"Коронавирус індеті салдарынан туындаған дағдарысқа қарамастан ағымдағы жылы АӨК саласындағы жағдай тұрақты. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2,2%-ға, азық-түлік өндірісі 2,4%-ға өсті. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 10,1%-ға артып, 98,4 млрд теңгені құрады", - деді есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Мал шаруашылығында жалпы өнім 2,3%-ға артты. Өндірістің ұлғаюы ет өндірісінің 3,6%-ға, сүттің 3,2-ға өсуіне байланысты болды.

2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды және бүгінде егіс жұмыстары аяқталуға жақын.

Барлық жаңалықтар