• Басты
  • ҚР АШМ: фермерлер егіс алқабының төрттен бір бөлігін егіп үлгерді
19 Мамыр, 2020 14:16

ҚР АШМ: фермерлер егіс алқабының төрттен бір бөлігін егіп үлгерді

Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қызу жүріп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егістіктің жай-жапсарына талдау жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ҚР АШМ: фермерлер егіс алқабының төрттен бір бөлігін егіп үлгерді

15 мамырдағы мәліметке сәйкес, шаруалар 3 млн гектар жерге жаздық дәнді және бұршақ дақылдарын себуде. Бұл көктемгі дақылдарды егуге бөлінген жалпы алаңның 20% құрайды.

Майлы дақылдар қазірдің өзінде млн гектарға егілді. Бұл жоспарланған жұмыс көлемінің 32% құрайды.

309 мың га жерге көкөніс пен картоп салынды.  Бұл жақсы көрсеткіш, яғни, жоспардың 65,5% игерілді деген сөз. 

Көпжылдық шөптерді (228,5 мың га немесе 81,2%), мақтаны (101,7 мың га немесе 92,5%) және қант қызылшасын (20,4 мың га немесе 92,7%) егу аяқталуға жақын.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы көктемгі егісі 18,6 миллион гектар жерге жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 300 мың гектарға көп. Бүгінгі таңда фермерлер 4,5 млн гектардан астам жерге немесе 25 пайызға отырғызды.

Айта кетейік, 2019 жылы 15 мамырда 2,2 миллион гектар немесе жалпы егіс алқабының 12% ғана егін егіп үлгерген болатынбыз. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды