• Басты
  • ҚР АШМ: Ет бағасы қымбаттады деген ақпарат шындыққа сай емес
21 Ақпан, 2020 11:48

ҚР АШМ: Ет бағасы қымбаттады деген ақпарат шындыққа сай емес

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз беттеріндегі ет және ет өнімдеріне қатысты «бағаның күрт көтерілуі» туралы ақпаратқа ресми түсініктеме берді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР АШМ: Ет бағасы қымбаттады деген ақпарат шындыққа сай емес

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, яғни соңғы айда тұтыну бағасы орта есеппен 0,7%-ға өсті. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға жоғарлады.

Егер азық-түлік тауарларының топтары бойынша бағаның өсуін қарастырсақ:
нан-тоқаш тауарларына - 0,5%, 
ет өнімдерін қоса алғанда, ет - 0,5%, 
балық және теңіз өнімдері - 0,7%,  
сүт өнімдері – 0,9%, 
май – 0,4%,
жеміс пен көкөніс - 3,3%,
кондитерлік өнімдер - 0,3%,
алкогольсіз сусындар - 0,5%

Осылайша, азық-түлік тауарларына деген бағаның өсуіне жеміс-жидек пен сүт өнімдері негізі әсер етеді. Ет пен ет өнімдеріне бағаның өсуі барлық азық-түлік бойынша орташа өсімге қарағанда төмен. Сондықтан ет бағасы «қатты көтерілді» деп айту дұрыс емес.

БАҚ беттерінде 2020 жылғы қаңтарда ет және ет өнімдерінің бағалары «бірден» 13%-ға, сиыр еті – 16,5%-ға, қой еті - 16,2%-ға және жылқы етіне - 14,5%-ға өскені туралы хабарлама дұрыс емес, себебі ол ақпаратта бір ай ішінде емес, 2019 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қаңтарға дейін сандар келтірілген.  Иә, бағаның өсуі орын алған, бірақ жылдық кезеңдегі көрсеткіште бұл көп емес. 

Ет және ет өнімдеріне бағаның өсу себептері көп. Мәселен, өткен жылы малдардың елімізден тірідей жаппай шығарылуы (шетке сатылуы) да себептердің бірі деп атауға болады.

Ет бағасының өсуінің тағы бір себебі ол– малға арналған құрама жем дайындалатын «астық» бағасының жоғарлауы.

Сондай-ақ, ет бағасының өсуіне 2020 жылдың басындағы ауа райының қолайсыздығы да әсер етіп отыр, өйткені, көптеген жолдар жабылып базар сөрелеріне ет жеткізу қиындаған болатын. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды