• Басты
  • ҚР АШМ: 2020 жылы 19 аса қауіпті ауруға қарсы 150 млн екпе жасайды
22 Қаңтар, 2020 10:00

ҚР АШМ: 2020 жылы 19 аса қауіпті ауруға қарсы 150 млн екпе жасайды

ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етеді.
ҚР АШМ: 2020 жылы 19 аса қауіпті ауруға қарсы 150 млн екпе жасайды

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2019 жылы жануарлардың аса қауіпті 17 ауруға қарсы вакциналарды (оның ішінде құтыру, аусыл, сібір жарасы, оба, пастереллез, туберкуллез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, нодулярлық дерматит және т.б.) сатып алды. Осылайша, жыл ішінде 140 696 651 жануар мен құсты вакцинациялау бойынша жоспар 100%-ға орындалған. 

2020 жылы жануарлардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы 150 млн. астам екпе жасау жоспарланып отыр. Тиісті жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында басталады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды