• Басты
  • ҚР АШМ: 10 мың тонна орамжапырақты экспорттауға өтінім түсті
13 Сәуір, 2020 14:08

ҚР АШМ: 10 мың тонна орамжапырақты экспорттауға өтінім түсті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті орамжапырақты ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша кедергісіз жұмыс атқарылып жатқанын хабарлайды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
ҚР АШМ: 10 мың тонна орамжапырақты экспорттауға өтінім түсті

2020 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласынан жалпы көлемі 2300 тоннаға 116 сертификат, Түркістан облысы бойынша - 220 тонна орамжапырақты экспортауға 13 фитосанитарлық сертификат берілді.

Жалпы, 10 мың тонна орамжапыраққа фитосанитарлық сертификат алуға өтінім келіп түсті. Сертификаттарды беру ҚР заңнамасының талаптары мен регламенттеріне сәйкес жүргізілуде.

Орамжапырақты фитосанитарлық жағдайын анықтау және тексерудің барлық қажетті процедураларының жүргізілуіне қарай барлық кәсіпкерлік субъектілері фитосанитарлық сертификаттар алады.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды