• Басты
  • Р.Қасенхан: Елім деген әр азамат әскер қатарынан табыларына сенімдімін
3 Сәуір, 2020 16:32

Р.Қасенхан: Елім деген әр азамат әскер қатарынан табыларына сенімдімін

2 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "әскери міндеттілерді жиынға шақыру" туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл шара карантин жағдайында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекетке төтенше жағдай режимін сақтауға көмектесу үшін қажет. Осы орайда Қазақстанның әр аймағында түрлі қызметте істеп жүрген қазақстандықтардың пікірін білген едік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Р.Қасенхан: Елім деген әр азамат әскер қатарынан табыларына сенімдімін

Мемлекет басшысы тарапынан қолға алынған бұл шара Қазақстанның әр аймағындағы азамттардан қолдау табуда. Соның бірі - Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының  директоры Расул Қасенхан. Ол елім деген әр азамат зор жауапкершілік танытып, үлкен табандылықпен осы игі бастамаға үн қосып, әскер қатарынан табылатынына сенім білдірді.  

"Бүгінгі таңда бүкіл әлемді алаңдататып отырған пандемияға, қауіпті індеттің алдын алуға байланысты біздің елдің аймақтарында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осындай ел басына күн туған сын сағатта халықтың тыныштығы мен денсаулығы жолында әр азамат өз адамгершілік, азаматтық ұстанымын айқын танытатын сәт туды. Елім деген әр тұлға зор жауапкершілік, үлкен табандылықпен осы игі бастамаға үн қосып, әскер қатарынан табылады деп сенемін", - деді Расул Қасенхан.   

Оның сөзінше, осынау қиын кезде әр азамат Отанының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысуға тиіс.

"Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, Ер басына күн туса, етігімен су кешер" - деген халық даналығы Елін, Жерін сүйген әр перзентке осындай қиын шақта намыс пен жігер отын сыйлайды деген үмітіміз зор", - деді ол.

Сонымен қатар ол бұған дейін де төтенше жағдайға байланысты Қарағанды облысының әкімдігінде жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол қазір еріктілік қызметті үйлестіруші. 

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жедел әрекет ету орталығы (ЖӘЕО) ашылды. Жаңа құрылым өңірлік жедел штабтың негізгі шешім қабылдау орталығы. ЖӘЕО-ға біз барлық жұмылдырылған құрылымдар мен қызметтер мамандарын: полицияны, СЭҚ, әскери, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық басқармалар мен департаменттер жұмылдырылған. ЖӘЕО-на облыста не болып жатқаны туралы барлық ақпарат келіп түседі. Мен мұнда қазір еріктілік қызметті үйлестіруші болып қызмет істеймін. Қарт кісілерге хабарласып, үйден дүкенге, дәріханаға шыға алмай жатқан үлкендерге еріктілер тауып беремін", - деді Расул Қасенхан.

ЖӘЕО-нің жұмыс тәртібі - 24/7. Оның айтуынша,  бұл штабтың жұмысы іс-қимыл бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу үшін өте маңызды. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды