• Басты
  • Quest Ventures пен Astana Hub келісімге қол қойды
1 Қыркүйек, 2020 18:08

Quest Ventures пен Astana Hub келісімге қол қойды


Quest Ventures пен Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Астана хабтың баспасөз қызметі.

Quest Ventures пен Astana Hub келісімге қол қойды

Бұл келісім Қазақстандағы даму институттары арасында стартаптар мен синергияны дамытудың бірыңғай экожүйесін құруға бағытталған.

Тараптар Қазақстанда стартаптарды дамытуға бағытталған бірлескен серіктестік қызметті жүргізу туралы, сондай-ақ бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету туралы келісті.

"Astana Hub Qaztech Ventures-пен бірлесіп, Quest Ventures өткізетін «Kazakhstan Digital Accelerator» акселерациялық бағдарламасының келесі сессияларын өткізу үшін платформасы ретінде қолдануы жоспарланады", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Astana Hub «Бизнес-періштелікті дамыту» және «Roadshow бағдарламасы» сияқты бағдарламаларды өткізу кезінде Quest Ventures менторлық, сараптамалық және консультациялық қолдау, қордың спикерлерін ұсыну және т.б. түрінде белсенді қатысатын болады.

Барлық жаңалықтар