Инновациялар

Qazaqstan Technology Forum: Отандық инновацияны дамытудың басты мәселелері

Инновация мен индустрия саласында жобаларды ашу ел экономикасының маңызды бөлшегінің бірі. Qazaqstan Technology Forum алаңында елдегі индустрия саласында стартап жобаларды жүзеге асыру мен стартаперлердің бағыты қандай болу керектігі талқыланды. Сондай-ақ, форум аясында Ұлттық инновация байқауының жеңімпаздары анықталды. Толығырақ келесі матиериалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы12 Қазан , 15:47

Дүниежүзілік банктің   Қазақстандағы  тұрақты өкілі Ато Браун болашақты кейінгіге ысыра бермей, қазір болашақта өмір сүріп жатқанымызды түсіну қажеттігін   жеткізді.

«Бүгінгі технологиялардың негізінде күн тікұшақтары жұмыс істейді. Біз кейде болашақты аңсап, болашақ бізбен бірге жүргенін ұмытып кетеміз. Әлем тез өзгереді, соңғы бірнеше жылда бір ғана таксидің түрі болса, қазір бәрі басқаша, барлығы дамып кетті. Біз басында  Дүниежүзілік  банктің көмегімен Қазақстанда ЖОО орталықтарында инновацияларды енгіздік. Қазір Үкіметпен бірігіп, болашақты қазір  өзіміз жасауға жұмыс істеп жатырмыз», - деді А.Браун.

«ТДЖҰА» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров  Дүниежүзілік банк Қазақстанның инновацилық жүйесіне үлкен серпін беріп жатқанын айтты.  

Өз кезегінде ЕҚДБ-ның Қазақстандағы директоры Агрес Прейманис  Еуропалық банк Қазақстандағы жер қойнауын  өңдеу мен  көптеген  инновациялық жобалардың  инвесторы болып табылатынын айтты.

«Біз мысалы баламалы энергия бойынша  6 жобаны жүзеге асырудамыз. Өзге бағыттардағы коммерциялық жобалар да бар. Қазақстанда цифрландыру мәселесі өзекті болған, алайда қазір ол қарқынды түрде барлық салаларға кірігуде. «Бір жол-бір белдеу»  бастамасы аясында болып жатқан өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан  интеграцияланып жатыр. Бұл қазақстандық компанияларға  шетелге экспорт жасауға  мүмкіндік береді, бір жағынан шетелдік компаниялар санының көп екенін жасыруға болмайды. Біз бұл жағдайда не мықты боламыз, не біз үшін орын болмайды», - деді А. Прейманис.

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы директоры  Елбасы Жолдауында да индустрияның дамуына бағытталатын бірқатар шараларды жүзеге асыру тапсырылғанын жеткізді.

BI Group  компаниясының цифрландыру бойынша директоры Бағдат Мусин қазір әлем әлеуметтік желі мен боттардан, өткір тақырыптардан кетіп жатқанын айтты. Бұл бізге енді келіп жатыр, көп елдер бұдан алыстап кеткен, деді ол.

Б.Мусин қазақстандықтарға индустрияны дамытатын стартаптар құруды ұсынды. Олардың Үкімет пен әкімдіктердің қызметіне аса ден қоюдың қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Құрылыс индустриясында сауда, қаржы  нарығындағы жағдай қайталанбай отыр. Ол барынша нығыз отыр, алайда  2020 жылға дейінгі  нарық жоспары 10 трлн  долларды құрайды. Ал  қазақстандықтардың инжинерлік-техникалық білім негізінде бірдеңе жасағаны жалпы әлемге салған үлеспен бірдей. Ал біз  мемлекеттік сектормен бірлескен   Е-ПИК стартап жобаларды жүзеге асырамыз. Барлық жобалар мемлекетке government  проблемаларды  қалай шешеміз деп  алақан жайып отырады. Расында, ол мәселелерді шешудің қажеті жоқ, алдымен индустриалды проблеманы шешу қажет», - деді Б.Мусин.

Сондай-ақ, ол барлық жас  IT қызметкерлерге   индустрия саласына баруды ұсынды.

«Себебі, қазір «Силиконды алаңда» жасанды инттелекті білетін адамдар  ғана емес, биг-датаны меңгерген тұлғалар  бағаланады. ЖОО тәмамдаған соң электронды коммерция немесе әлеуметтік желі саласындағы жобаны ашуды қарастырса жақсы, алайда оны бүкіл әлем жасап отыр. Оған қарағанда индустриядағы бәсекелестік орта әлі де бос», - деді ол.

Оның айтуынша, индустрияға ден қойған дұрыс. Себебі, бізде әлемдік экономиканың бөлшектері бар.

«Мұнай, ауыл шарпуашылығы және логистика бизнесінің бөлшектері бар. Ал кез келген жағдайда экономиканың бөлшектері басым. Шикізаттық болса да, әлемдік нарықтың бөлшегіне қатысымыз бар», - деді Б.Мусин.

Сонымен қатар, Б.Мусиннің пікірінше, «Болашақты» тәмамдаған студенттерге  шетелде қалуға мүмкіндік беру керек.

«Егер олар  жоғары технологиялы компанияда жұмыс істеп жүрсе, оны елге тартып, 5 жыл Қазақстанда жұмыс істеткізудің қажеті қанша? Бағдарламаның өзі болашақта ұрпақтың зияткерлігін ықпалдастыруға бағытталған.  Сол интеллектуалды ұрпақ америкалық ТОП  ЖОО-ларда білім алып, елге келіп  goverment-ке орналасса, барлық жинаған тәжірибесіне шектеу қойылып, шеңберден шығармай тастайды», - деді Б.Мусин.

Оның айтуынша, оларды шетелде жұмыс істетуге қалдыру керек. Олар сол жақтан идея алып, венчурлық қор ұйымдастырады. Ол бізге көмегін тигізеді.

Сондай-ақ,  форум аясында Ұлттық инновация байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауда  елдің инновациялық белсенді өңірі аталымы Астанаға берілді. Жүлде «Астана Innovaitions» АҚ  Басқарма төрағасы Олжас Сартаевқа берілді.

«Астана –өмір сүруге қолайлы қала. Астана инновация тартатын  жаңа идеялардың орталығы. Бүгін де Қазақстанның Астанасы  инновация мен  Астана бір ұғым екенін дәлелдеді», - деді Олжас Сартаев.

Стартаперлердің ішінде үздік атанған   Robot Technologies компаниясының өкілі  Мұстафа Нұрмағамбетов  олардың тірек қондырғысы уақытша не ұзақмерзімге  қозғала  алмайтын адамдарға  бағытталғанын айтты.  Аталған стартап  жоба  бас  жүлде - Сингапурде білім алуға  мүмкіндік алып,  800 мың теңге ұтып  алды.

«Қазақстанда қозғала алмайтын  адамдардың саны баршылық. Әлем бойынша бұл проблемамен күресетін компаниялар бар. Біздің мақсатымыз оңтайландыратын  қолжетімді   қондырғы ойлап табу. Біз  1 жылдан астам уақыт жұмыс істейміз. Қазір қай жағынан бейімделу керектігін меңгердік. Қазақстанның  нарығына шығуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, форум сарапшыларының қатарында  500 stsrtups, Techstars, Techcrunch  Ресейдің ұлттық технологиялық бастама, Дүниежүзілік банк, Сколково, Интернет бастамаларды  дамыту қоры және өзге инновациялық және технологиялар саласындағы  жетекші халықаралық ұйымдар қатысты.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика