• Басты
  • Qatar Airways Қазақстанға 2019 жылдың соңына дейін ұша бастайды
8 Қараша, 2019 11:18

Qatar Airways Қазақстанға 2019 жылдың соңына дейін ұша бастайды


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ашық аспан" режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
 Qatar Airways  Қазақстанға 2019 жылдың соңына дейін ұша бастайды

2019 жылдың 8 қарашасында Дохада (Катар) Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді.

 Катар делегациясын Катар Азаматтық авиация әкімшілігінің президенті Абдулла Насер Турки Аль-Субай мырза басқарса, ал қазақстандық тарапқа ҚР ІІДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев жетекшілік етті. Келіссөздерге Қазақстан Республикасының Катардағы елшісі Асқар Шоқыбаев, Qatar Airways, Эйр Астана, Алматы әуежайының өкілдері қатысты.

Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына 7 рейс, Алматы мен Доха арасында аптасына 7 жолаушы және 7 жүк рейсі, сондай-ақ Қазақстанда енгізілген 5-ші "әуе еркіндігін" ұсынатын "ашық аспан" тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді.

"Qatar Airways" әуекомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Атти мырзаның ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейстер биылғы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Qatar Airways - Қатардың ұлттық әуекомпаниясы, әлемдегі ең ірі әуе компаниялардың бірі. Әуе паркі 233 әуе кемесінен тұрады. Әуетасымалдаушының басты транзиттік хабы – Доха қаласының Хамад халықаралық әуежайы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуекомпания 29 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды