Президенттік жастар кадр резервіне алынған 300 жас қазақстандық анықталды

25 Желтоқсан, 2019 11:16

Ел Президенті лауазымына кірісу рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резерві жобасының міндеті Қазақстан жастарының өзінің ең үлкен арманын жүзеге асырып, жеке «жетістік тарихын» құруға мүмкіндік болып табылатынын атап өтті. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихатында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ұлттық комиссия сарапшылық комиссия ұсынған 300 жас қазақстандықты іріктеп алғанын айтты.

"Олар алдағы уақытта мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады деп жоспарлануда. Жобаның стратегиялық мақсаты - кәсіби мамандардың жаңа толқынын қалыптастыру және еліміздегі жаңа буыны үшін пәрменді әлеуметтік лифтілер жүйесін құру. Осы резерв мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге мүмкіндік береді",-деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ, ақтық кезеңде үміткерлердің мемлекеттік қызметте, ұлттық компаниялар мен холдингтердегі жоғары лауазымдарға ұсынуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда, тіпті аудандық деңгейге дейін лауазымға орналасуға дайындық дәрежесі, қатысушылардың жеке құзыреттерін бағалау қорытындылары бойынша адам ресурстары саласындағы сарапшылардың ұсынымдары, елдегі осы саланың қажеттілігі мен сұранысқа ие болуын ескере отырып қатысушы таңдаған бағыт, инновациялық әлеует, түрлі жетістіктер және басқалар ескерілді.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар