• Басты
  • Президенттік қолдау: Түркістан облысында 15 мың теңге жәрдемақыға өтінім беру 1-мамырдан басталады
23 Сәуір, 2020 12:11

Президенттік қолдау: Түркістан облысында 15 мың теңге жәрдемақыға өтінім беру 1-мамырдан басталады

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге төлемге алдын ала есеп бойынша 385 380 адам қол жеткізетін болады. Оған республикалық бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлініп отыр. Азаматтардан өтінімдер 1 мамырдан бастап арнайы электронды жүйе арқылы және "109" call-орталығымен қабылданатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Энергетика және тұрғын-үй шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz ӨКҚ-ға сілтеме жасай отырып.
Президенттік қолдау: Түркістан облысында 15 мың теңге жәрдемақыға өтінім беру 1-мамырдан басталады

Оның айтуынша, коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге арналған мемлекеттік көмекті тек санат бойынша ала алатын адамның жеке коммуналдық төлем жасайтын дербес шоты болуы тиіс.

«Министрлік бекіткен тізбеге сәйкес, жәрдемақыны алуға құқығы бар адамдар: 1)1-2-3 топтағы мүгедектер; 2)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және қатысушыларына теңестірілген адамдар; 3)мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; 4)көпбалалы отбасылар; 5)ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 6)мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, сондай-ақ ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру не адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау жағдайында қаза тапқан адамдардың отбасылары; 7)атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер», - деді Бақытжан Әнуарбекұлы.

Айта кетерлігі, 15 мың теңге төлемді алуға өтінім беру үшін қазіргі таңда арнайы электронды жүйе дайындалуда. Ол жүйе ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін іске қосылатын болады. Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Облыс бойынша «109» call-орталық байланыс телефоны іске қосылған. Сall-орталыққа өтінім беру 1 мамырда басталады.
Әкімдікке ақпараттық жүйе немесе call-орталық арқылы өтінім түскен соң, тұтынушының деректерін тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда, уәкілетті мекемелерге аталған тізбедегі санат бойынша анықтау үшін жолданады. Кейін уәкілетті мекеме растаған соң, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерге электронды түрде жіберіледі. Уәкілетті мекеме тұтынушының жеке есеп шот деректеріне сәйкес екенін белгілейді. Расталған жағдайда, әкімдік бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушының жеке шотына қаржы жөнелтетін болады. Жоғарыдағы аталған санаттарға жататын тұтынушыларға әр ай 15 мың теңгеден 2 ай (сәуір, мамыр) мерзімі үшін төлем жүргізілетін болады. Сонымен қатар, аталған көмекті алуға өтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданатын болады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды