• Басты
  • Президенттік қолдау: Көп балалы ананың көңілін демдеген қуаныш
21 Сәуір, 2020 17:40

Президенттік қолдау: Көп балалы ананың көңілін демдеген қуаныш

Төтенше жағдайға байланысты Қазақстанда көп балалы аналарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсету, жекелеген санаттары үшін түрлі жәрдемақылар мен азық-түлік жиынтығын ұсыну секілді шараларды қолға алды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, азаматтардың жекелеген санаттар үшін азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын ұсынуға 30,8 млрд теңге бөлінген. Бүгінде елдің әр аймағынан бірнеше көп балалы ана азық-түлік себетін алып үлгерді. Соның бірі - Түркістан қаласының тұрғыны, көп балалы ана Мөлдір Өтегенова. Ол көп балалы аналардың жағдайын жасап, уақытылы жәрдемақы төлеп отырған үкіметке алғысын білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тішлісі.

Президенттік қолдау: Көп балалы ананың көңілін демдеген қуаныш

Түркістан қаласының тұрғыны, көп балалы ана Мөлдір Өтегенованың 6 баласы бар. Ол ұл-қыздарының тәрбиесіне көңіл бөлу үшін, жұмыс істеуден бас тартқанын айтты. Оның сөзінше, балалардың әрқайсысына көңіл бөліп, жағдайын жасау ата-ананың міндеті. 

"Менің 5 қыз, 1 ұлым бар. Олардың бесеуі мектеп жасындағы балалар, Түркістан қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы мектепте білім алады. Мен еш жерде жұмыс істемеймін, себебі балалардың тәрбиесімен айналысу керек. Ұл-қыздарымның тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың жағдайын жасап, сабағын орындауға көмектесу біраз уақытты алады. Сол себепті де үйдемін. Оның үстіне 3 топтағы мүгедекпін. Көп балалы болғаным үшін әрдайым мемлекеттен көмек, жәрдемақы алып отырамын", - деді ол. 


Оның сөзінше, осыдан бірер күн бұрын әкімшілік қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты көп балалы отбасыларға бөлінге азық-түлік жиынтығын әкеліп берген. Балалар дән риза деді ол. 

Осыдан бірер күн бұрын Түркістан қаласы әкімшілігінің қызметкерлері келіп, азық-түлік жиынтығын берді. Оның ішінде күнделікті тұтынатын азық-түлік, атап айтсам, ұн, сұйық май секілді тағам өнімдері бар. Сонымен қатар балаларға әкелгесін тәттілерден де қосуды ұмытпаған. Түрлі шоколад өнімдері де бар екен. Балалар шоколадтарын жеп, мәз. Ұл-қызымыз қуанғанға, біз де риза болып отырмыз", - деді Мөлдір Өтегенова.



Сонымен қатар ол жолдасының 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемге ілінгенін айтып, ағынан жарылды.

"Жолдасым Есімхан алаңында күзетші болып жұмыс істеді. Қазір төтенше жағдайға байланысты жұмысы уақытша тоқтады. Соған байланысты 42 500 теңге алуға өтініш бердік. Өтініш беру аса қиынға соқпады. Себебі қалай өтініш беру керегі бұқаралық ақпарат құралдарында толып жүр. Өтініш бергеннен кейін бір аптаның ішінде шотымызға ақша түсті. Қуанып қалдық. Өткені қазіргідей қиын кезде бұл біздің отбасымызға үлкен көмек болып отыр. Көп балалы аналарды назардан тыс қалдырмай, жағдай жасап, қаржылай да, азық-түлікпен де жәрдем беріп отырған үкіметке алғыс", - деп түйіндеді ол сөзін.
Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды