• Басты
  • Президенттік қолдау: Көп балалы анаға көмек көп
21 Сәуір, 2020 15:54

Президенттік қолдау: Көп балалы анаға көмек көп

Елімізде төтенше жағдайға байланысты бірқатар іс-шараны жүзеге асыру қолға алынғаны белгілі. Оның ішінде азаматтарға қаржылай көмек көрсету, жекелеген санаттары үшін түрлі жәрдемақылар мен азық-түлік жиынтығын ұсыну секілді шаралар бар. Қаржы министрлігінің мәліметінше, азаматтардың жекелеген санаттары үшін азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын ұсынуға 30,8 млрд теңге қарастырылған. Осыған орай, бүгінде еліміздің әр аймағынан бірнеше көп балалы ана азық-түлік жиынтығын алып үлгерді. Соның бірі - Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғыны, кәсіпкер, көп балалын ана Жанагүл Исатаева. Оған хабарласқанымызда, жалғызбасты көп балалы ана үкіметтің өзіне жасап отырған жақсылығын тізбектеп, алғысын жаудырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тішлісі.

Президенттік қолдау: Көп балалы анаға көмек көп

Жанар Исатаева - 7 баланың анасы. Өзінің айтуынша, жолдасы осыдан 6 жыл бұрын дүние салған. Содан бері 7 баланы өзі бағып-қағып отыр. 

"Алланың берген 4 қыз, 3 ұлын тәрбиелеп отырмын. Жолдасым осыдан 6 жыл бұрын қайтыс болды. Қазіргі таңда үлкен ұлым елордадағы Ұлттық ұланда әскерде жүр. Бір қызым мен бір ұлым осы өзіміз тұратын Саран қаласында колледжде білім алуда. Ал қалған төртеуі мектеп жасындағы балалар. Бір қызымның жүрегіне ота жасалған еді. Сол себепті ол мектепке бармай, барлық сабағын үйден оқиды. ал қалған үшеуі мектепте, алайда қазіргі төтенше жағдайға байланысты барлығы үйде, қашықтан білім алып жатыр", - еді Жанагүл Исатаева.

Өзінің айтуынша, Саран қаласының әкімдігі де, аймақтық Нұр Отан партиясының өкілдері де қарайласып, жағдайын сұрап, жиі хабарласып тұрады. 

"Жалпы менің үкіметке де, әкімшілікке де ешқандай өкпем жоқ. Асыраушысы жоқ деген санатпен балаларыма зейнетақы аламын. Саран қаласының әкіміне, біздің аймақтағы Нұр Отан партиясының өкілдеріне алғысым шексіз. Төтенше жағдай басталғалы бері бірнеше рет қоңырау шалып, жағдайымызды сұрап жатыр. "Көпбалалысыз, жолдасыңыз жоқ" деп жиі хабарласып тұрады. Назардан тыс қалдырған емес", - деп ризашылығын білдірді ол.

photo_2020-04-21_15-48-31.jpg

Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға алғысын білдірді. Жақында азық-түлік жиынтығына берілетін қаражатты алған. Өзінің айтуынша, ол бастапқыда оның орнына қаржы күйінде беруді сұраған. Осылайша, азық-түлік жиынтығының орнына ақшалай алып отырады.

"Қазір көп балалы отбасыларға әкімшілік тарапынан кәрзеңкемен азық-түлік беріліп жатыр. Бірақ мен әкімдіктің қызметкерлерімен келістім. Олар маған азық-түліктің орнына ақшалай береді. Себебі мен азық-түлікті қабымен аламын, ал олардың беретін қораптары жеткіліксіз. Сондықтан мен ақшалай берулерін сұрадым, содан бері ақшалай береді маған. Бала-шағам бар болғындықтан, ұн секілді азық-түлікті қапшықпен сатып аламын. Сонымен бірге жақында Бас партияның өкілдері де көмек көрсету мақсатында азын-аулақ азық-түлік алып келді", - деді көп балалы ана. 

Жанагүл Исатаева өзіне мемлекеттің ылғи қарайласып отыратын атап өтіп, осындай қиын кезеңде біз де мемлекетке көмек беруіміз қажет деп санайды. Осы орайда ол көп балалы аналардан балалары үшін алатын жәрдемақыдан тым болмаса екі айға бас тартуды сұраған.

"Бізге мемлекет ылғи қарайласып отырады. Осындай қиын кезеңде, керісінше, "біз үкіметке қалай көмектесеміз" деп өзімізге сауал қоюымыз керек. Бұған дейін көп балалы болғаным үшін жәрдемақы алдым. Бізде көп балалы аналардың ортақ чаты бар. Мен сол чаттағы аналарға "ең болмағанда осы екі айға балаларымыз үшін алатын жәрдемақыдан  бас тартайық" деп ұсыныс айтқан едім. Себебі қазіргідей төтенше жағдайда бізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Алайда оған ешкім келіспеді", - дейді ол.

Сондай-ақ Жанагүл Исатаева қашанға дейін мемлекетке қарап отырам деп қосымша табыс табудың жолын іздестірген. Өзінің айтуынша, Саран қаласының жұмыспен қамту орталығының кеңесімен "Бизнес -Бастау" жобасына қатысуды қолға алған. Бүгінде жобаның кәсіп ашу үшін берілетін грантын ұтып алып, өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер. 

photo_2020-04-21_15-53-03.jpg

"Мен Атамекеннің "Бизнес-бастау" жобасында тігіншілікті оқып алдым. Қайта-қайта үкіметке қол созып, көмек сұрай бергенше, бір амалын тауып, кәсіпкерлікпен айналысып көрейін деп шештім.  Қзіргі күні үйімнің ішінен ателье ашып алдым. 505 мың грант ұтып алдым. Құжат жинау, тест тапсыру секілді нәрселерді қосқанда екі жарым айдай уақыт кетті. Гранттың ақшасы аударылып, ательеге қажетті құралдарды сатып алдым. Қазіргі жағдайға байланысты бетперде тігумен айналысып жатырмыз. Нұр Отаннан бетперде тігуге тапсырып берді. Ақшасын картама аударады, өздері келіп алып кетеді. Мұның өзі үлкен көмек болып отыр", - деп ағынан жарылды.

Оның айтуынша, бизнес жоспарыңызды дайындап, тес тапсырып, облысқа барып жұмысың комиссияның алдында қорғауың қажет. Сәтті өткен жағдайда ғана 505 мың теңгелік грантқа ие бола аласыз. 

"Бизнес жоспар жасап, тестті Саран қаласында тапсырдық. Бірінші өз қаламызда қорғадық. Кейін сынақтан өткендерді облыс орталығына шақырдв. Сөйтіп комиссияның алдында қорғадық. 40 адамның 29-ы қорғап шықтық. жалпы тігіншіліктің көп пайдасы бар. Үйдің өзін былай қойғанда, көрші-көлем, туыстардың сұрауларын орындап, күніне 500 теңге болса да, пайда көріп отырмыз. Қазір қыздарым да үйреніп жатыр. 5 сынып оқитын қызым іс машинасын пайдалануды біледі. Бос уақытында қыздарым да маған қолғабыс етуде", - деп түйіндеді ол сөзін. 

Сұхбатыңызға рахмет!

Назерке Сүйіндік

Сурет жеке мұрағаттан

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды