• Басты
  • Президенттік қолдау: 60 мың медициналық маска Алматы облысына тегін берілді
23 Сәуір, 2020 09:53

Президенттік қолдау: 60 мың медициналық маска Алматы облысына тегін берілді

 «Жетісу Вольфрамы» ЖШС өзінің ҚХР-дағы бизнес-серіктестерімен бірге гуманитарлық көмек ретінде Алматы облысының әкімдігіне 60 мың медициналық маска берді. Коронавируспен күрес шаралары үшін Қазақстанға жалпы саны 220 мыңнан астам бір реттік пайдаланатын үш қабатты медициналық маска тегін берілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Президенттік қолдау: 60 мың медициналық маска Алматы облысына тегін берілді

«Jiaxin International Resources Investment Co., Ltd» корпорациясының вице-президенті, «Жетісу Вольфрамы» ЖШС атқарушы директоры Назар Терлыганың айтуынша, медициналық масканы жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің, сол сияқты Қызыл жарты ай қоғамының тікелей қолдауымен жүзеге асырылғанын айтты: 

“Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ең жоғарғы принциптерін берік ұстанамыз. «Жетісу Вольфрамы» ЖШС өзінің стратегиялық серіктестерінің бірі «Jiangxi Cooper Corporation» корпорациясымен бірге Қазақстанның Қызыл жарты ай жедел қызметі арқылы зор көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмек көрсету - жалпы жұмысымыздың ең маңызды бөлігі», - деді ол.  

Атап өтсек, «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіруге маманданған. Инвестициялық жоба өткен жылдан бері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылуда, қазір 400 жұмыс орны ашылған. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 250 млн. АҚШ доллары.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды