• Басты
  • Президенттік кадрлық резерв ең алдымен мемлекеттік аппараттың жаңғыруына жасалған қадам – Д.Кәрібек
25 Желтоқсан, 2019 16:40

Президенттік кадрлық резерв ең алдымен мемлекеттік аппараттың жаңғыруына жасалған қадам – Д.Кәрібек

«Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек Президенттік жастар кадр резерві туралы өз пікірімен бөлісті.


Президенттік кадрлық резерв ең алдымен мемлекеттік аппараттың жаңғыруына  жасалған қадам – Д.Кәрібек

 «Президенттік кадрлық резерв ең алдымен мемлекеттік аппараттың жаңғыруына, оған жаңаша дем беруіне, жаңаша қалыптасуына жасалған нақты қадамдардың бірі деп ойлаймын. Бұл жерде резервке өткен 300 адамның тағайындалуы емес, басты мақсат - мемлекетшіл, отаншыл жастардың өтіліне қарамай, мемлекеттік идеяны жүзеге асыруына, мемлекеттік қызмет істеріне араласуына мүмкіндік беру», - деді Д. Кәрібек.

  Ол Президенттік кадр резервіне іріктеу кезеңдері туралы айтып берді.

   «Бастапқы кезеңдері қиын болды, вербалды тест оңай болғанымен, математикалық тестті күнде жасап жүрмегендіктен қиынға соқты. Келесі кезеңдерде дайындықты күшейтіп, өзімізді жан-жақты көрсетуге тырыстық. Бұл резервті жастарға арналған челлендж деп түсінуге болады. Яғни, сын-қатер мағынасында емес, бағындырар белес деп айтуға болады. Кей сынақтар ойын түрінде өтті, ақпараттық жоба қорғадық. Әрбір тапсырған тестіміздің бейнекамераға жазылуы да іріктеудің ашықтығын, әділдігін көрсетті. Осылайша, үміткерлер әрбір кезеңде түрлі мүмкіндіктерін көрсете алды», - деді Д. Кәрібек.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды