• Басты
  • Президенттік институттың ел тағдырындағы рөлі қандай
27 Қараша, 2019 15:27

Президенттік институттың ел тағдырындағы рөлі қандай

Елордада «Президенттік институт: қазақстандық модель» ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Президенттік институттың ел тағдырындағы рөлі қандай
«Жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіліп келе жатқан бұл конференция бүгін де Тәуелсіз Қазақстанның жеткен табыстары туралы халықаралық деңгейде диалог құратын ерекше форумға айналды. Осы бағытта биылғы конференцияның маңызы да зор, мәні де ерекше. Себебі, алдағы жылы біздің елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына тура 30 жыл толады. Бұл біздің егемен еліміз үшін айтулы белес, тарихи кезең. 30 жылда барлық реформалар жоғары деңгейде орындалып, біздің Қазақстанымыз аз уақыттың ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатын, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбектерінің жемісі екені сөзсіз.

Бүгінде Елбасының бастамаларын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын жалғастырып жүзеге асырып жатқанын айтты.

«Сондықтан бүгінгі конференцияда қалыптасқан Қазақстанның даму жолының ерекшеліктері жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылады.Қазақстанда президенттік институт өз ерекшеліктеріне ие. Қазақстандық модельдің айқындаушы ерекшелігі – бұл айқын көрінетін тұлғалар. Екі аптадан кейін ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылын мерекелейтін боламыз. Тарихи кезең мен тәжірибелік тұрғыдан алғанда бұл ұзақ уақыт емес, алайда осы уақыт аралығында жеткен жетістіктер мен табыстар тұрғысынан өткен жолымыз ғасырларға тең келеді. Бұл жеңістер мен жетістіктер – бүкіл халықтың қажырлы еңбегі, тоқтаусыз алға жылжуы болды. 30 жылда ҚР Тұңғыш Президентінің басшылығымен барлық салаларда ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Олардың нәтижелері: экономиканың орнықты өсуі, әділ әлеуметтік саясат, қоғамның өмірін демократияландыру болды», - деді Н.Нығматулин.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, бүгінгі таңда заманауи Қазақстан бүкіл әлемде лайықты беделге ие, табысты, тұрақты дамып келе жатқан мемлекет екенін атап өтті.

«Осының барлығы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығының нәтижелері. Қоғамның сұраныстарына дер кездерінде жауап беру, реформаларды күні бұрын жүргізу және биік мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін халықты жұмылдыру қабілеті керек.90-шы жылдардың басында Қазақстан көптеген кеңестік елдер сияқты бұрынғы халық шаруашылығының күйреуі салдаранынан артып келе жатқан экономикалық дағдарыс жағдайында еді. Ел ЖІӨ-нің 61 пайызға күрт құлдырауын бастан кешірді. 1994 жылға қарай орын алған өнеркәсіптік құлдырау 28 пайызға жетті. 200-ден астам ірі қазақстандық кәсіпорын өткізу нарықтарынсыз, шикізатпен айналым қаражатынсыз қалып, өз жұмысын тоқтатты. Соның нәтижесінде 1991-1995 жылдар аралығында жұмыссыздар саны 2 млн-нан астам адамға жетті. Оның заңды нәтижесі ретінде халықтың өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмендеді. Сол жылдары біз жалақыны төлей алмадық.Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу де кешіктірілген болатын», - деді Мәжіліс спикері.

Оған қоса, Н.Нығматулин Қазақстанда президенттік институтты нығайту қуатты,тұрақты мемлекеттік билікке деген қоғамдық қажеттілікті көрсеткенін айтты.

«1993 жылғы Конституцияға сәйкес, Үкіметтің Жоғарғы кеңес алдында заңдарды орындау мәселелері бойынша қосалқы жауаптылығы сақталған болатын. Әрине,мұндай басқару жүйесінің күрделі кезеңде негізінен нарықтық өзгерістерді жүргізудің төмен қарқынынан елеулі кемшіліктер де болды. Оның нәтижесінде Жоғарғы кеңес кәсіби жұмыс істей алмады және экономикалық реформаларды жүргізе алмады. Бұл заң шығарушы органның екі мәрте таратылуына алып келді. Бұл жағдайда президенттік басқару нысанына көшу және атқарушы билікті күшейту реформалардың тарихи және саяси заңды кезеңі болды», - деді Н.Нығматулин.

Сонымен қатар, Н.Зайроллаұлы демократия мен нарықтық экономиканың құқықтық базасын тездетіп құру бірінші кезектегі міндет болғанын атап өтті.

«Президенттік басқару жүйесі неғұрлым тиімді екені түсінікті болды. Бұл осы Жоғарғы кеңестің заң шығару өкілеттігі Мемлекет басшысына уақытша беру кезеңдерінде ерекше айқындалды. 1995 жылдың наурызынан 1996 жылдың қаңтарына дейін Президент 511 Жарлық шығарды. Олардың 147-сі Конституциялық немесе әдеттегі заң күшіне ие болды. Оның нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде ел экономиканы мүлдем жаңа арнаға бұрған әлемдік стандарттарға сай келетін заңдарға ие болды. Кейін 22 жыл бойы Президент жеке-дара шешімі арқылы заң шығару бойынша Конституциялық құқығын бірде-бір рет пайдаланбағанын айта кеткен жөн.Оның үстіне Н.Назарбаев 2017 жылы Конституциялық реформаға бастамашы болды. Оған сәйкес, бұл құқығын жойды», - деді Н.Нығматулин.

Сонымен қатар, ол президенттік институтты дамытудың келесі кезеңі – 1995 жылдың еліміздің жаңа Конституциясының қабылдануы екенін атады.

«Оған сәйкес, ҚР Президентінің мәртебесі үш маңызды бөліктен тұратын болды. Біріншіден, Президент – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Екіншіден, Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конституция мызғымастығының, адам мен адамзат құқықтарының бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Үшіншіден, Президент – мемлекеттік биліктің барлық тармағымен келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін төреші. Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2017 жылы жүзеге асырылған Конституциялық реформа билік тармақтарының анағұрлым сараланған тепе-теңдігін құлатып қана қоймай, одан әрі саяси жаңғыртуға серпін берді», - деді Н.Нығматулин.

Оған қоса, реформаның негізгі мәні Президенттің бірқатар өкілеттігін Парламенттен Үкіметке беру екі негізгі бағыт бойынша жүргізілді.

«Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу бойынша заңда белгіленген өкілеттіктерін едәуір бөлігін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды бекіту берілді. Енді ол солар үшін толық жауапты болады. Үкіметке өзінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру және тарату құқығы да берілді. Президенттің Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің күшін жою не тоқтата тұру құқығынан бас тартқаны өте маңызды. Осының барлығы атқарушы органдар мен олардың басшыларының тиімділігін арттырып, оларға қажетті өкілеттіктер берді. Екіншіден, Конституциялық деңгейде биліктің тармақтары арасындағы өкілеттіктер елеулі түрде қайта бөлінді. Үкіметті қалыптастырудағы Парламенттің рөлі күшейтіліп, министрлердің депутаттық корпус алдындағы жауаптылығы арттырылды», - деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы айтқандай, енді Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия Үкіметті қалыптастыруға шешуші түрде әсер етеді.

«Осыны негізге ала отырып, Үкімет бұрын болғандай, Президенттің алдында емес, жаңадан сайланған Мәжіліс алдында өкілеттігін доғарады. Президент Парламент палаталары тарапынан Үкімет мүшелеріне сенімсіздік білдіру тәртібі оңайлатылды. Осы шаралардың барлығы заң шығарушы билік тармағаның атқарушы билік тармағына бақылау жасауға күшейтуге мүмкіндік берді. Билік басындағы мемлекет басшысы ретінде Н.Назарбаевтың Президенттік өкілеттіктердің едәуір бөлігін Парламентке,Үкіметке және өзге де органдарға беруге бастамашы болуы іс-жүзінде кемелденген емтихан болды» - деді ол.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин айтып өткендей, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыру тақырыбын айналып өту мүмкін емес екенін айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан өзінің этностық және конфессиялық құрамы жағынан бірегей мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен 40-дан астам діни конфессия өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүретіні тарихи қалыптасқан. Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ ұлтаралық институты жұмыс істейді. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның құрамына еліміздің барлық өңірлерінен 800-ден аса этномәдени бірлестік кіреді. Ассамблея 2007 жылы Конституциялық мәнге ие болған соң, ұлттық саясаттың жаңа перспективаларын дамытуға жаңа жол ашылды. Бүгінде Конституцияға сәйкес, Парламент Мәжілісінің бірнеше сайлауында Ассамблеяның 9 депутаты бар. Олар елдегі этносаралық, бейбітшілік пен келісімді сақтау заң шығару процесінде ерекше рөл атқарады», - деді ол.

Оған қоса, ол мемлекеттің маңызды салаларының бірі – сыртқы саясат екенін атап өтті.

«Елбасының осы орайдағы рөлінің ерекше маңызды болуы әбден заңды. Президент Конституциялық мәртебесі бойынша Президент халықаралық қатынастар саласында мемлекеттің басты өкілі болып табылады. Қазақстандық модель жағдайында Тұңғыш Президенттің елдің сыртқы саясатындағы рөлі әлдеқайда кең. Н.Назарбаев Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін күн тәртібін жиі айқындады деп әсірелеусіз айтуға болады»,- деді ол.

Өз кезегніде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев аталған конференцияның Тәуелсіздік құндылықтар, ашықтық пен теңқұқылы өзара әрекеттесу қағидаттарына негізделген саяси диалогты нығайту аясында қоғамды біріктіруге оң әсер ете отырып, ең маңызды халықаралық алаңдардың ішіндегі құрметті орынға ие болғанын ерекше атап өтті.

« Қазір Қазақстанда президенттік биліктің толыққанды институты құрылды. Оның құрылуы мен дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Елбасының стратегиялық көрегендігі халықаралық аренадағы заманауи мемлекетіміздің бүгінін анықтады. Қазақстан әлем алдында тұрақты, динамикалық дамып келе жатқан мемлекет ретінде танылды. Еліміз ядролық қарусыздану саясатында үлгі болды. Қазақстан халықаралық ірі әрі маңызды құрылымдарға мүше болды. Біз әлемнің 182 елімен дипломатиялық қарым-қатынас құрдық. Бүгінде Қазақстанда шет мемлекеттің 70 елшілігі мен халықаралық ұйымдардың 30 өкілдігі бар. Сыртқы саяси қызмет ұлттық мүдденің барлық спектрі мен халықаралық проблематиканы қамтитын екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматында 3700-ден астам шартты-құқықтық база құрды», - деді ол.

Ал Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин Қазақстан мен Татарстан бауырлас елдер екенін атап өтті.

«Қазақстан демократиялық ел ретінде қалыптасып жатыр. Кеңестен тараған 15 елдің барлығы өздеріне осындай мүмкіндік жасай алмады. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынды көшбасшылар да болған жоқ. Кеңес Үкіметі құлдыраған кезде елдердің жағдайы бірдей болды, 25 жылдан астам уақытта серпін алып, Тәуелсіз мемлекет құра алмады. Мемлекет ретінде, ішкі және сыртқы саясат, ұлтаралық келісіммен айналысып келеді. Осы істерде Елбасының жетістіктерін атап өту керек», - деді Ф.Мұхаметшин.

Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтан ақаласының да қарқынды дамығанын атап өтті.

«Қаршытап дамуға осындай жағдай жасау феномен болып табылады. Біз РФ субъектісі ретінде байырғы әріптестерміз. Көптеген салаларда субъекті түрде ынтымақтастық жасаймыз. Татарстан Республикасы Н.Назарбаевтың аты-жөнін ылғи да сый-құрмептпен атап өтеді. Татарстан мен Қазақстанның ынтымақтастығы өте мығым. Кеше Премьер-Министр Асқар Маминмен кезесуде ынтымақтастықты дамытатын бағыттарды талқыладық. Сауда-экономикалық қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілуіміз керек», - деді ол.

Айта кетейік, халықаралық конференцияға Парламент депутаттары мен шетелдік парламентшілер, дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды