• Басты
  • «Президенттік» 100 млрд теңгемен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жүріп жатыр
18 Мамыр, 2020 13:50

«Президенттік» 100 млрд теңгемен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жүріп жатыр

«Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие аяқталысымен, Аграрлық несие корпорациясы (АНК) «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша егіс науқанын қаржыландыруға кірісті, деп хабарлайды  Strategy2050.kz  ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
«Президенттік» 100 млрд теңгемен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жүріп жатыр

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы қазақстандық фермерлерге көктемгі дала жұмыстарына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосымша қаржылық көмек көрсетуді тапсырды. Қаражат қайтарымсыз емес, бірақ жеңілдетілген шарттармен беріледі.

Фермерлерге 6%-бен  100 миллиард теңге беру қарастырылған. Қаржы 12 айға дейінгі мерзімге алдын-ала беріледі. Негізгі қарызды несие мерзімі аяқталғаннан кейін өтеуге болады.

Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ («ҚазАгро» ҰБХ АҚ еншілес ұйымы) және екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Егін егу науқаны басталғаннан бастап, АНК қаражат беруді тездету және жеңілдету мақсатында бизнес-процестерді оңтайландырды. Атап айтқанда, 30 күнтізбелік күнде қаралатын өтініштер 10 күн ішінде тексеріліп, шешім шығару қарастырылды. Өткізетін құжаттар тізімі де қысқарады. Бүгінгі таңда АНК фермерлерге шамамен 6 млрд. қаржы бөлді.

Жақында Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды аяқтады. Нәтижесінде 70 млрд теңгені 5%-бен 2 405 шағын және орта бизнес өкілдері алды.

Осылайша, «Кең дала» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша, 2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 170 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің осындай ауқымды қолдауы шаруаларға уақтылы және еш кедергісіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді.



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды