- Басты
- Жаңалықтар
- Президентке коронавирустің таралуына жол бермеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндалды
Президентке коронавирустің таралуына жол бермеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндалды
Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі жұмыстары мен отандық медицинаның дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.
Елжан Біртанов Президентке елімізде коронавирустің таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің әзірлену барысы жайында мәлімет берілді.
Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты.
Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың аса маңызды екенін атап өтті және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Денсаулық туралы жаңа кодексті әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады