• Басты
  • Президент жаңа басқарушылар жүзеге асыратын креативті міндеттерді алға қойып отыр – С.Нұрбек
25 Желтоқсан, 2019 15:52

Президент жаңа басқарушылар жүзеге асыратын креативті міндеттерді алға қойып отыр – С.Нұрбек

Бүгін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің қорытындысы жарияланды. Осыған орай, танымал саясаттанушы Саясат Нұрбек Президенттік кадр резервінің артықшылықтары туралы айтып берді.
 Президент жаңа басқарушылар жүзеге асыратын креативті міндеттерді алға қойып отыр – С.Нұрбек
Саясаттанушы әлемдік тәжірибені мысалға келтірді.

 «Көптеген лауазымды қызметке жас мамандар келіп жатыр. Мәселен, Финляндияда Үкімет кабинеті мен өкілдердің орташа жасы – 32-35-те. Гендерлік теңгерім де өзгеріп келеді. Мұның басты себебі – адамзат алдында тұрған мәселелердің сипаты өзгеріп келеді», - деді ол.

 С.Нұрбек айтқандай, жаңа проблемаларды шешу үшін ескі тәжірибелерге сүйене алмайтын құбылыс пайда болды.

«Президенттік кадр резервінің ең басты міндеті – туындаған проблемаларға жедел жауап бере алатын үздік жастарды іріктеу. Бұл жаңа құрал емес, Қазақстанда бірнеше рет қолданылған тәсіл. 90-шы жылдарды еске алсақ, елордамыз көшкен кезде ғылыми қоғамдастықтан, іскер және шығармашылық зиялы қауымнан көптеген жастар шақыртылған болатын. Енді бюрократиялық аппаратты жаңарту маңызды. Сонымен қатар, Президент жаңа басқарушылар жүзеге асыратын креативті, айрықша міндеттерді алға қойып отыр», - деді ол.

 Айта кетейік, Ұлттық комиссия сарапшылық комиссия ұсынған 300 жас қазақстандықты іріктеп алды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды