• Басты
  • Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру

Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру

11 Мамыр, 2021 14:56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Фэйсбуктегі парақшасына ел президентінің Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы орындалғаны туралы жазды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Техникалық және кәсіби білім беру

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесте техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту бойынша тапсырма берген еді.

«Техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту керек. «Жас маман» жобасының аясында біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз. Тегін кәсіби техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтып отыр», - деді Тоқаев.

Техникалық және кәсіби білім беруге қатысты қандай тапсырмалар орындалды:

- 2020 жылдан бастап «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр;

- Жалпы сомасы 22,1 миллиард теңгеге 80 колледж заманауи құралдармен жабдықталды;

- 2021 жылы 100 колледждің оқу-өндіріс шеберханаларын жабдықтау үшін 28,9 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр;

- Колледждер кадр дайындау ісіне халықаралық тәжірибелерді өндіріп, өз салалары бойынша біліктілік орталықтарына айналуы қажет.

Электронды оқулық мәселесі

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы: «Қашықтан оқу жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдың бірі - электронды оқулықтар болмақ. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды ведомствоның ақысыз құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуге тиіс» деген еді.

Осы орайда, Берік Уәли Фэйсбук парақшасына отандық баспалар мен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілгенін жазды.

-        1-11 сыныптарға арналған барлық электронды оқулықтар Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды;

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колдедждердің 100%-ы отыздан астам платформаға қол жеткізе алады», деп жазды ол.

-        21 000-нан астам цифрлық ресурстарды қамтитын каталог құрылды.

-        12 368 бейнесабақ

-        3 848 электронды оқулық

-        5 771 қосымша материал

-        30 368 ұстаз ІТ құзіреті бойынша біліктілігін арттырды

Қашықтан оқу платформалары мен бағдарламаларын пайдалана отырып 20-дан астам нұсқаулық әзірленген.

Барлық жаңалықтар