- Басты
- Президент тапсырмасы үлкен көмек болды – кәсіпкер
Президент тапсырмасы үлкен көмек болды – кәсіпкер
1 Сәуір, 2020 15:47
Мемлекет басшысының тапсырмасымен карантинде табыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету қарастырылған. Ондай қолдауға алғашқы болып ие болғандардың бірі - Бубновский медициналық клиникасы, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Қатты індет коронавирус жұмысымыздың барлығын тоқтатып, карантинге көшіп жатырмыз. Ол барлық кәсіпкерлерге қиынға соқты. Себебі, адамдар келуді қойды, пайда түсу тоқтады. Басымызда несиелеріміз бар, оны төлеу керек. Жұмысшылардың жалақысын 18-наурызға дейін төлеп, оларды карантинге жібердік. Олардың әрі қарай күнкөрісі үшін жалақы төлеу қиындау боп тұр. Себебі, адам болмаған соң, кіріс те жоқ», - деді кәсіпкер Еркін Адасбаев.
Ол айтып өткендей, Президент тарсырмасы үлкен көмек болған.
«Жұмыссыз қалған қызметкерлерге 42500 теңге көлемінде көмек көрсетіліп жатыр. Ол көмекке разымыз. Көп адамға шаққанда ол қыруар ақша болады. Біз өтінімді электронды түрде бердік. Олар бізге хабарласып, қажетті құжаттар тізімін айтты. Біз қызметкердің тізімін, қосымша құжаттарды дайындап 1 күннің ішінде тапсырдық.Сол күнде комиссия қарап, кешеден бері жұмысшылар тәртіп бойынша ақшаларын ала бастады. Індетті жеңіп, экономикамызды сақтап, көктемгі және жазды жұмыстарды атқару керек. Барлығымыз бірігіп, жеңіп шығамыз деп ойлаймын»,- деді Е.Адасбаев.
Айта кетейік, 31-наурыз күні ҚР Президенті Қ.Тоқаев барлық республикалық арналардан мәлімдеме жасаған болатын.
«Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік.Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі», - деп Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мәлімдеген болатын.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады

