- Басты
- Жаңалықтар
- Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды
Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініш берушілермен арадағы жұмыс сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған тағы бір жоба толық іске асты, деп хабарлады Strategy2050.kz. Бұл туралы Президенттің бапасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басындағы Үкіметтің кеңейтілген отрысында азаматтардың өтініштерін есепке алу ісін жетілдіруді тапсырған болатын.
«Өтініш берушілермен арадағы жұмыс сапасын арттыру үшін жаңа «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін және «Нәтиже» орталықтарын ашуға тапсырма берілді. Аталған жүйе 1 шілдеге дейін барлық мемкелекеттік органдарда іске қосылуы тиіс», - деген болатын Президент.
Берік Уәлидің айтуынша, 1 шілдеден бері «Е-өтініш» ақпаратты жүйесі және халыққа қызмет көрсету орталықтары жанында «Нәтиже» жобасы жұмыс істеп тұр.
«Е-өтініш» жүйесі өтініштерді қарауға байланысты артық бюрократияландыруды болдырмайды және азаматтарға өз өтініштерінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын қадағалауға мүмкіндік береді», - деп жазады
Президенттің баспасөз хатшысы. Келтірілген дерек бойынша, бүгінде бұл ақпараттық жүйеге 38 мыңнан астам ұйым «мемлекеттік органдар мен мелекеттік ұйымдар) қосылған және 160 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
«Барлық «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында өтініштерді қабылдайтын және азаматтарға өтінішті рәсімдеу кезінде консультациялық көмек беретін 259 «Нәтиже» орталығы құрылды», - деп жазылған мәліметте.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер