- Басты
- Жаңалықтар
- Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады
30 Маусым, 2021 16:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауында биржадағы сауда-саттықты тәртіпке келтіру туралы тапсырмасы жүзеге асты, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Президент берген тапсырмалардың орындалғаны туралы кезекті мәлімет жариялады.
2020 жылғы халыққа Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев биржадағы сауда-саттықтың ел экономикасындағы рөліне тоқталған болатын.
«Биржадағы сауда-саттықты тәртіпке келтіру керек. Бұл ең алдымен мұнай өнімдері, электр энергиясы, көмір саудасына қатысты. Бұл саладағы ірі компаниялардың көзбояушылығына жол беруге болмайды», - деген болатын Президент.
Берік Уәлидің мәліметінше, сол тапсырма аясында ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган – Биржа комитеті құрылған.
«Нарық қатысушылары биржалық саудаға кедергісіз кіру үшін ауқымды түрде оқытылуда. Биржалық тауарлар тізіміне мұнай өнімдерінің тобы, соның ішінде битум енгізілді», - деп жазылған инфографикада.
Президенттің баспасөз хатшысы биыл 31 наурызда бензин мен битум биржалық саудаға шығарылғанын еске алады.
«24 мамырда көмірдің қолжетімді шағын партиялары өңірлік операторларға сатыла бастады. 16 маусымда тауар биржаларына, биржалық және биржадан тыс баға белгіленімдеріне мониторинг жүргізетін Ахуалдық орталық іске қосылды», - деп жазылған мәліметте.
автор:
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз

поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Президент жолдауынан басталған игі істер
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді
-
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді
-
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді
-
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады
-
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр
-
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды

