• Басты
  • Президент тапсырмаларының заңда көрініс табуы маңызды -М.Бахтиярұлы
28 Мамыр, 2020 11:49

Президент тапсырмаларының заңда көрініс табуы маңызды -М.Бахтиярұлы

Ел Президентінің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті. Бұл басқосу, негізінен, денсаулық сақтау мен білім беру саласының мәселелеріне арналды. Жиында Мемлекет басшысы осы аталған салаларды одан әрі реформалау бойынша нақты ұстанымдарын жария етті. Кеңес мүшелері де өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті, деді Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы.



Президент тапсырмаларының заңда көрініс табуы маңызды -М.Бахтиярұлы

“Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамдағы өзекті мәселелерді уақтылы көтеруімен ерекшеленіп келеді. Бұл Президент айтқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асып отырғанының көрінісі. Себебі, қоғамдық мәселелердің көшеде емес, осындай кеңесте дер кезінде талқыланып, шешімдердің ұсынылуы өте маңызды деп есептеймін”, - еді ол. 

Депутаттың айтуынша, Президенттің нақты тапсырмалары заң нормаларында көрініс табуы керек. 

“Сондықтан биыл Парламентке осы аталған мәселелерді қамтитын бірнеше заң жобасы келіп түсуі мүмкін. Мысалы, білім саласына қатысты, оның ішінде ЖОО мұғалімдерінің жалақысын, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысын көтеруге байланысты заңдар әзірленуі мүмкін.Қазірдің өзінде Мәжіліске ғылым мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы келіп түсті. Сондықтан, Президенттің көтерген бастамалары мен берген тапсырмаларының заң нормаларымен бекітілуі аса маңызды”, - деді ол. 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды