Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр

21 Маусым, 2021 14:02

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде Жамбыл облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындыларын баян еттi. Толығырақ strategy2050.kz тiлшiсiнiң материалында.

Облыс әкiмi мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берiлген тапсырмаларды тиiмдi iске асырудың арқасында негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң серпiндi өсуi қамтамасыз етiлгенiн атап өттi. Оның мәлiметiнше, экономикалық өсiм 100,6% деңгейiнде қалыптасқан. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 6,7%-ға (230,3 млрд.теңге), ауыл шаруашылығы – 2,9%-ға (55,1 млрд.теңге), құрылыс – 6,5%-ға (31,4 млрд.тенге), пайдалануға берiлген тұрғын үй – 6,8%-ға (204,3 мың шм) артқан.

«Ал, негiзгi капиталға салынған инвестиция 21,1 пайызға (98,2 млрд.тенге) өскен. Инфляция деңгейi жыл басынан 103,7%-ды құрады, азық-түлiк тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 104,5%, азық-түлiк емес тауарлар – 102,9%, ақылы қызметтер – 103,7%. Жұмыссыздық деңгейi – 4,9%», - дедi облыс басшысы.

Оның дерегiнше, өндiрiс көлемi 543 млрд. теңгеге жетедi деп күтiлуде. Негiзгi капиталға 421 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. Жыл басынан 436 млрд.теңгеге 11 жоба iске асырылуда, бүгiнге оның 74,1 млрд. теңгеге 5 жоба жүзеге асырылған. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 72 млрд. теңгеге 171 жоба мақұлданып, 51,3 млрд. теңгеге 166 жоба несиелендiрiлген.

Өңiрдегi эпиджағдай

Сонымен бiрге, аймақ басшысы облыстағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталып өттi. 

«Өңiрiмiзде iндетке қатысты жағдай тұрақты. Пандемия басталған кезден бастап 9493 адам науқастанған. Қайтыс болғаны – 85, жазылғаны - 9055 адам. Медицина ұйымдарында 2580 төсек қоры жасақталған, оның 250-i реанимациялық төсек. Облыстық оңалту орталығында 1400 науқас оңалтудан өттi. Ондағы төсек қоры - 4760», - дедi Сапарбаев.

Оның айтуынша, облыс тұрғындарын COVID-19 короновирустық инфекциясына қарсы вакцинамен қамту мақсатында 42 көшпелi егу пунктерi қызмет көрсетуде. Бүгiнге 150 мың адам екпе алды. Жоспар - 582 мың адам.

Фармацевтика саласы

Облыс әкiмi мемлекет басшысының Жолдауындағы мiндеттерiн iске асыру аясында фармацевтика саласы белсендi дамып жатқанын, есептi кезеңде 1,8 есе өскенiн тiлге тиек еттi.

«Гвардейск ауылында биологиялық қауiпсiздiк проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы жүргiзiлуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталады», - дедi ол.

Бүгiнде институт базасында өндiрiлген «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы «СК-Фармация» хабына жiберiлiп, елiмiздiң барлық өңiрлерiне жеткiзiлген.

Азық-түлiк қауiпсiздiгi

Оның сөзiнше, әлемдiк экономикалық дағдарыс пен пандемияны ескере отырып, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және азық-түлiк өнiмдерiнiң импортын алмастыру мақсатында агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуға ерекше назар аударылған.

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру 414 млрд. теңгеге жетедi деп күтiлуде. Егiстiк алқабы 47 мың га ұлғайып (2020 ж. – 721,7 мың га), 768,5 мың га жеттi. Егiс алқаптарын әртараптандыру мақсатында түрiк компаниясының қатысуымен таңқурай мен құлпынай отырғызылды, алғаш рет 868 га қысқы рапс егiлдi. Соңғы үш жылда 59,1 мың га суармалы жер қалпына келтiрiлiп (оның iшiнде 2021 жылдың 5 айында 4 мың га), көлемi 179,8 мың га құрады», - дедi облыс басшысы.

Оның айтуынша, пайдаланылмай жатқан 41 мың га жер мемлекет меншiгiне қайтарылған. Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мақсатында 2021-2025 жылдары 513 млрд.теңгенi құрайтын 53 инвестициялық жобаны iске асыру жоспарлануда. Онда 3,6 мың жұмыс орны құрылмақ.

«Жоспарланып отырған iрi жобалардың бiрi - Қант өндiрiсiн дамыту үшiн қуаттылығы жылына 148 мың тн өндiретiн, 300 жұмыс орнын, құны 93 млрд. теңгенi құрайтын заманауи қант зауытының құрылысы жүргiзiлуде. Кәсiпорынды iске қосу    2023 жылға жоспарланған. Бұдан басқа, қуаттылығы 70 мың тонна өндiретiн, 300 жұмыс орнын, құны 49 млрд.теңгенi құрайтын облыста алғаш рет Нидерландтық инвесторлардың қатысуымен     «K-АГРО» холдингiмен фри картопты кешендi өндiру зауытын салу жоспарлануда», - дедi Бердiбек Сапарбаев.

Сонымен қатар, «Алель Агро» ЖШС-гi құс фабрикасының бiрiншi кезеңiнiң құрылысын аяқтап жатқанын, қуаттылығы 45 мың тонна, құны 26,5 млрд.теңге, 800 жұмыс орны құрылатынын атап өттi.

Сондай-ақ, оның дерегiнше, 2,8 мың тонна ет экспортқа шығарылған. Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған 142 су қоймасының 24-i жасанды. Форель балықтарын өсiруге арналған 17 тау учаскелерi анықталған. Балық өндiрiсiн 2025 жылға қарай 5 мың тоннаға дейiн жеткiзу жоспарлануда.

Халық табысын арттыру жобасы

Облыс басшысы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасына» 10 ауданның 11 ауылдық округiнiң тұрғындары қатысқанын атап өттi. Аталған жобаның 5 бағыты бойынша жалпы 9,2 млрд. теңге несие қаражаты игерiлдi. Бүгiнге несиенiң  944 млн.теңгесi қайтарылған.

«Мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша 6,9 млрд. теңгеге 45 мың бас мал сатып алынды. Пилоттық жобаны iске асыру барысында 21 мың тонна дәндi және мал азығы дақылдары, 11,2 мың тонна көкөнiс-бақша дақылдары, 12,5 мың тонна ет және сүт өнiмдерi алынды. Бұл ауылдарда жаңадан 589 жұмыс орыны ашылып, жұмыссыздар саны 528-ден 334-ке дейiн 36%-ға азайды», - дедi ол.

Ал, атаулы әлеуметтiк көмек алушылар саны 1058 адамға азайған, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз 2 282 адам жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген. Ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мыңнан 73 мың теңгеге дейiн 1,7 есеге өскен.

«Алқаптан сөреге дейiн» пилоттық жобасы

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен iске асырылып жатқан «Алқаптан сөреге дейiн» пилоттық жобасына 1 млрд теңге бағытталған. Азық-түлiк тауарларын сатып алуды тұрақтандыру және қамтамасыз ету мақсатында төрт сауда желiлерi анықталып, онда делдалдарсыз 2 сүт фермасы, құс фабрикалары, 2500 жеке қосалқы шаруашылықтардың және 14 жеке кәсiпкерлердiң, 17 шаруа қожалықтардың, 22 кооператив өнiмдерi жеткiзiлуде. Бүгiнге, сауда желiлерi арқылы 5,8 мың тонна азық-түлiк тауары мен 4,0 млн дана жұмыртқа сатылған.

«Нәтижесiнде, қайта өңдеушi кәсiпорындардың өндiрiс жүктемесi 20-25%-ға артып, азық-түлiк тауарларының бағасы орташа есеппен 10-20%-ға төмендетiлдi. Облыста 29 әлеуметтiк павильон ашылып, қосымша 12 павильон ашу жоспарлануда», - дедi министр.

ШОБ

Аймақ басшысының дерегiнше, өңiрде 70,2 мыңға жуық ШОБ субъектiсi жұмыс iстейдi, онда 127 мың адам жұмыспен қамтылған. Пандемияға қарамастан ШОБ өнiмдерi мен қызметтерiнiң көлемi 25,6%-ға өсiп, 697 млрд.теңгенi құраған.  

«Кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес бастамаларды iске асыру үшiн 426 кәсiпкерге 1,4 млрд.теңгеге шағын несие берiлдi, 3,1 мың адам 1,7 млрд.теңгеге қайтарымсыз мемлекеттiк грант алды», - дедi ол.

Сонымен қоса, «Бизнестiң жол картасы-2025» мемлекеттiк бағдарламасы аясында 905 кәсiпкердiң несиесiн iшiнара кепiлдендiруге 1,1 млрд.теңге берiлсе, 871 кәсiпкердiң несиесiнiң пайыздық мөлшерлемесiн субсидиялауға 3,9 млрд.теңге берiлген.

«Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту» тетiгi бойынша 14 кәсiпкерге инфрақұрылым жүргiзуге 2,5 млрд. теңге бөлiндi. Қабылданған шаралардың арқасында ЖӨӨ-дегi ШОБ үлесi 23,8%-ға дейiн артады», - дедi облыс басшысы.

Тұрғын үй

Оның мәлiметiнше, тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүрiп жатыр. Бес айда 204,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлсе, жыл қорытындысымен 651 мың шаршы метр беру жоспарлануда.

«Ағымдағы жылы 21,9 млрд. теңгенi құрайтын 4482 пәтерлi 76 тұрғын үй құрылысы жүргiзiлiп, үстiмiздегi жылдың соңына дейiн 2902 пәтерлi 50 тұрғын үй тапсырылады», - дедi Бердiбек Сапарбаев.

Жыл басынан Тараз қаласында 505 пәтерлi 9 тұрғын үй пайдалануға берiлдi

Сонымен қоса, есептi кезеңде баспанамен қамтамасыз етiлген 576 отбасының 230-ы әлеуметтiк осал топтан болса, 99-ы - жетiм балалар, 74-i - көпбалалы отбасылар, 132-сi - бюджеттiк мекеме қызметкерлерi, 41-i қызметтiк пәтер. Ал, 232 отбасына «7-20-25» (73), «Шаңырақ 5-10-20» (159) бағдарламалары бойынша пәтер алуға жеңiлдетiлген несие рәсiмделген.

«Үстiмiздегi жылдың 18 маусымындағы жағдайға Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн пайдалануға 12636 облыс салымшыларынан өтiнiш келiп түскен. Олардың 5642-не 15,9 млрд. теңге арнайы шоттарына аударылды», - дедi облыс басшысы.

Автожол, су құбыры және табиғи газ

Оның дерегiнше, 2021 жылы автожол саласын дамытуға 12,4 млрд.теңге бөлiнген. Мемлекеттiк бағдарламалар аясында 424,8 шақырым жол салынып, жөнделген.

«Нәтижесiнде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесi 90%-дан 93,3%-ға, елдi-мекен көшелерiнiң 77,2%-дан 79,2%-ға жеткiзiледi. Тасымалдаушылармен 20 жаңа автобус сатып алынды, жыл соңына дейiн тағы 50 автобус алу көзделуде. Ағымдағы жылы тағы 12 ауылдық елдi мекенге су құбыры жүргiзiлiп, қамтылу деңгейi 82,2%-дан 88,7%-ға дейiн артатын болады. Ең бiр маңызды мәселе - газдандыру. Биыл 20 елдi мекендегi 16 мың адам табиғи газбен қамтылып, газдандыру үлесiн 83,8%-ға жеткiземiз», - дедi ол.

Жұмыспен қамту шаралары

Облыс басшысының айтуынша, өңiрде «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсендi шараларымен 23,2 мың адам қамтылған. Есептi кезеңге облыста 16,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 7,3 мыңы тұрақты. Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 1191 жұмыс орнын құратын 29 жобаны iске асыруға 9,5 млрд.теңге бөлiнген.

«Ауыл Ел – бесiгi» жобасы аясында 67 ауылдық елдi мекенде 8,8 млрд. теңгеге 119 жоба iске асырылатын болады. Нәтижесiнде, 1523 уақытша жұмыс орны құрылады. Бiр қызметкердiң орташа жалақысы 144 мың теңгеден 176,9 мыңға, жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 73,8 мың теңгеден 86,5 мыңға дейiн өстi», - дедi облыс басшысы.

Оның айтуынша, 2021 жылы 9,7 млрд.теңгеге 95,4 мың адамға әлеуметтiк көмек көрсету жоспарлануда. Есептi кезеңде 48,4 мың адамға 1,2 млрд.теңгеге көмек көрсетiлдi.

Ал, кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакетпен 1-6 жастағы 26,7 мың баланы қамту жоспарланып, бүгiнге 10,6 мың балаға көмек берiлген.

Бiлiм саласы

Оның дерегiнше, ағымдағы жылы бiлiм саласын дамытуға 190 млрд.теңге қарастырылған. 23 бiлiм беру ғимаратының құрылыс жұмыстары жүруде. Нәтижесiнде, облыстағы 3 апатты мектептiң 1-еуi, үш ауысымды 3 мектептiң, 1 орын тапшылығы бар, тозығы жеткен 2 мектептiң мәселесi шешiлетiн болады.

«Облыс орталығында тұңғыш рет «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды. Одан бөлек, 14 мектеп күрделi жөндеуден өтедi. 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100%, 1-6 жас аралығындағы балалар - 91,4% қамтылған. Жаппай оқыту қорынан көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 41309 балаға 3,8 млрд. теңге бөлiндi», - дедi Бердiбек Сапарбаев.

Жыл соңына дейiн, облыс орталығындағы мектептер 100 пайызға жедел басқару орталығына қосылып, дабыл нүктесiмен қамтамасыз етiледi. Бейне-бақылау камералары интеграцияланды.

Денсаулық сақтау саласы

Өңiрде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетiнiң филиалы ашылған. «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында 4 үздiк тәжiрибе орталығы құрылған. Мейiрбике iсiнде медициналық көмектiң сапасын арттыру бойынша инновациялық медициналық-әлеуметтiк технологиялар енгiзiлген.

«Облыс аудандары жылжымалы медициналық кешендерiмен толық қамтылып, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында шалғай ауылдарда есептi кезеңде    96 елдi-мекендегi 54898 адамға медициналық қызмет көрсетiлдi, оың iшiнде - 12 236 бала. Бұл көрсеткiш өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 78,3%-ға артты», - дедi облыс басшысы.

Сонымен бiрге, Тұңғыш Президенттiң «Қамқорлық қоры» бастамасымен өңiрiмiзде Жамбыл облыстық көпбейiндi балалар ауруханасы жанынан 120 төсек орындық «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылған. Онда тiрек-қимыл және орталық жүйке–жүйесiнде кiнәраты бар науқас балаларға кең көлемде медициналық, педагогикалық және әлеуметтiк оңалту бағыттарында қызмет көрсетiлiп жатыр. Жалпы, 620 бала ем алған. 

«Жергiлiктi бюджеттен медициналық мекемелердiң материалдық базасын нығайтуға 2,6 млрд. теңге бөлiнiп, 1 МРТ, 2 эндобейнехирургиялық кешен, 3 УДЗ аппараты, 2 қарқынды терапияға арналған көлiктiк инкубатор, 10 жаңа туған нәрестелерге арналған ашық реанимациялық жүйе, 40 дана функционалдық керует алу жоспарлануда. Бұған қоса, МЖӘ негiзiнде 1 МРТ, 2 КТ орнатылды», - дедi Бердiбек Сапарбаев.

Спорт саласы

Облыс әкiмiнiң сөзiнше, спорт саласын дамытуға жалпы 9,3 млрд.теңге қарастырылды. Облыста 2704 спорт нысаны бар. 376,1 мың тұрғын спортпен жүйелi түрде шұғылданады. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейi - 49,2%. Жыл соңына дейiн 51,2% жеткiзiлмек.

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, мемлекеттiк спорттық және шығармашылық тапсырыспен 3700 баланы қамтуға облыстық бюджеттен 388 млн.теңге қарастырылды. Бүгiнге, 11 дене-шынықтыру сауықтыру кешенiнiң, 6 мәдениет нысанының құрылысы жүргiзiлуде», - дедi ол.

Туризмдi дамыту

Өңiр басшысының сөзiнше, туризмдi дамыту мақсатында өңiрлiк бағдарлама қабылданатын болады. «Тектұрмас» этно-тарихи кешенiн қайта қалпына келтiрдiк. Жеке инвестиция есебiнен «Қаралма» тау-шаңғы кешенiнiң құрылысы жүргiзiлуде. «Көксай» этно-тарихи кешенiнiң құрылысы жоспарлануда.

Өңiрлiк жобалар

Сонымен бiрге, ол мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында мемлекеттiк бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегi жобаларды жүзеге асыру да игi үрдiске айналғанын атап өттi. Соның бiрi - «Асар» жобасы. Жоба аясында 2020 жылы 99 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегiмен баспаналы болды. Ағымдағы жылы тағы 134 үйдiң құрылысы басталып, 14-i пайдалануға берiлдi. Осылайша, жалпы 2,3 млрд. теңгеге 233 үй салынатын болады.

«Таразға тарту» Тараз қаласы аумағында 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде. «Жомарт түлек» жобасы шеңберiнде табысты түлектердiң демеушiлiгiмен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешенi салынған», дедi ол.

Оның айтуынша, тағы осындай 4 кешеннiң, 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Жалпы, түлектер тарапынан 2,8 млрд. теңгеге 73 елдiмекенде жобалар жүзеге асып жатқанын атап өттi.

Цифрландыру

Бердiбек Сапарбаевтың мәлiметiнше, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында қоғамдық көлiкте электронды билеттеу жүйесi енгiзiлiп, нәтижесiнде қолма–қол ақшасыз билетпен төлемдер үлесiнiң транзакциясы 97,2%-ды құраған. Тараз қаласында 53 тұрақты жұмыс орны құрылды.

«Jambyl 109» қызметiмен өңiрiмiздiң барлық аудандары қамтылды. Бұл қызмет Facebook, Instagram, What'sApp және Telegram bot әлеуметтiк желiлерi арқылы және «AIKEY 109» мобильдi қосымшасы бойынша да қабылданады. Есептi кезеңде 108 148 өтiнiш өңделдi. Өңiрлiк геоақпараттық жүйесi аясында 11 мемлекттiк қызмет геопорталға енгiзiлдi. «Сергек» мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасы, «112» Бiрыңғай кезекшi диспетчерлiк қызметi енгiзiлуде», - дедi ол.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң 93%-ы автоматтандырылған.

Барлық жаңалықтар