- Басты
- Жаңалықтар
- Президент табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу тапсырмасын түсіндірді
Президент табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу тапсырмасын түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді, деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды.
Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады.
«Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді», - деп жазды Б.Уәли.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Президент жолдауынан басталған игі істер
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді
-
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па
-
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда
-
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді
-
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады

