- Басты
- Жаңалықтар
- Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
15 Қаңтар, 2021 11:41
«Болашақ» халықаралық Президент стипендиясының степиендиаттары Ассоциациясының атқарушы директоры Демесінова Лаура Бағланқызы Strategy2050.kz тілшісіне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бүгін айтқан басым бағыттарына қатысты өз ойын айтты.
«Болашақ» халықаралық Президент стипендиясының степиендиаттары Ассоциациясының атқарушы директоры Демесінова Лаура Бағланқызы ҚР Президенті Қ. Тоқаев Парламенттің жетінші шақырылымының алғашқы сессиясында айтқан басым бағыттарының соңғы кезде әлемде орын алған қиын ахуалда өзекті инициативалар екеніне назар аударды.
«Президент бүгін елдің даму жолында өте маңызды деген басым бағыттарды атады. Ол пандемия кезіндегі өзгерістер мен халықтың әл-ауқаты туралы айтты. Пандемия ұлт денсаулығының маңыздылығын көрсетті. Денсаулық сақтау саласына басымдық беріліп, жаңа реформалар енгізуді тапсырды. Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығының негізі. Тоқаев айтқан әлеуметтік мәселелер соңғы кезеңге сай тенденциялар деп ойлаймын», - деді Лаура Бағланқызы.Ол сонымен қатар жасар саясаты мен омбудсмен институтының маңыздылығына тоқталды.
«Жалпы адам құқығын қорғау мәселелері қазір өте өзекті. Бүкіл әлем болып тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп жатыр. Алайда, тұрмыста көрсетілетін қысым азаймай отыр. Бізде омбудсмен институты бар. Президенттің айтуынша, бұл институт әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада «Омбудсмен туралы» Заң қабылданады. Бұл да жағымды өзгерістер бастауы деп білемін», - деді Л. Демесінова.Лаура Демесінова жастар саясаты мен волонтерлік заңдарының қолдайтынын білдірді.
«Президенттің айтуынша, тәуелсіздік ұрпақтары атты ұлттық жоба мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік бойынша заңдар дайындалып жатыр. Мен бұл заңнамаларды қолдаймын. Депутаттар жастардың әлеуметтік қызметтерін заң негізінде реттейді. Сонымен қатар Қазақстанда жастардың даму индексі енгізілетінін естідік. Жастар сол индикатор бойынша әрекет етеді», - деп қорытты ол.
автор:
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер