• Басты
  • Президент меморгандардың төтенше жағдайдан кейінгі іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды
10 Мамыр, 2020 18:57

Президент меморгандардың төтенше жағдайдан кейінгі іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді, - деп хабарлайды Strategy2050.kz.
Президент меморгандардың төтенше жағдайдан кейінгі іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды
«Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Барлық жаңалықтар