- Басты
- Жаңалықтар
- Президент Әкімшілігі қоғамдық мемлекеттік емес ұйымдармен жұмысты жаңа сатыға шығаруға мүдделі - М.Әшімбаев
Президент Әкімшілігі қоғамдық мемлекеттік емес ұйымдармен жұмысты жаңа сатыға шығаруға мүдделі - М.Әшімбаев
13 Қаңтар, 2020 15:16
Қазақстанның Азаматтық Альянсының 2019 жылғы жұмысының қорытындысы мен 2020 жылға қойылған жоспарларын талқылау бойынша конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Азаматтық альянс уақыттың сынынан өткен, еліміздің дамуында сындарлы позициясын танытқан қоғамдық ұйым екенін атап өтті.
“Еліміздің дамуына, қоғам мен билік арасында ашық диалогтың орнығуына, әртүрлі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне Азаматтық альянс, ұйымға кіріп отырған мемлекеттік емес ұйымдар өздерінің үлесін қосып отыр. Соңғы бірнеше жыл ішінде Азаматтық альянстың жұмысында жаңа үрдістер бар екенін көріп отырмыз. Әрі қарай да конструктивті жұмысты жалғастыруға дайынбыз”,- деді М.Әшімбаев.
Сондай-ақ, М.Әшімбаев Президент Қ.Тоқаев еліміздің дамуына үлкен мақсаттар қойып отырғанын атап өтті.
“Елбасының саясатын сабақтастыратын, елімізді жаңа деңгейге шығаратын шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай реформаларды азаматтық қоғамның қатысуынсыз дұрыс жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Президент Әкімшілігі қоғамдық мемлекеттік емес ұйымдармен жұмысты әрі қарай жандандырып, жаңа сатыға шығаруға мүдделі”, - деді М.Әшімбаев.
Айта кетейік, конференция жұмысына Президент Әкімшілігінің мүшелері, министрлік пен республика бойынша мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысты.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі

