• Басты
  • Президент экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы жарлыққа қол қойды
21 Сәуір, 2020 18:55

Президент экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 Президент экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы жарлыққа қол қойды

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге:

1) заңды тұлғаларға банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде алуына рұқсат етілетін қолма-қол ақша сомасының шекті мөлшерін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттарын;

3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды  тұлғалардың  банктік  шоттардан қолма-қол ақшаны алу, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуды регламенттейтін тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңды тұлғалардың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес белгіленген шекті мөлшерден артық
қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпаратты ұсыну тәртібін айқындасын.  

2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының осы Жарлықтың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырсын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                                                         

     Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 сәуір

 

                      № 308

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды