• Басты
  • Президент білім және ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді
27 Мамыр, 2020 12:25

Президент білім және ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді

Ұлттық кеңес төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші онлайн отырыстында білім мен ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Президент білім және ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді
«Біз бүгін ерекше жағдайда кездесіп отырмыз. Коронавирус пандемиясы жұмыс тәртібіне елеулі өзгерістер енгізді. Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Алайда, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл індет өте қауіпті. «Батпандап кіреді, мысқылдап шығады». Коронавирус қазір әлемнің құндылықтарын өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың ынтымақтасуы мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті. Соған сәйкес, мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенем», - деді ол.

Президент атап өткендей, бүгінгі отырысқа дейін атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі бар екенін айтты.

« Бір-екі күн бұрын мен «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заңға қол қойдым. Ол заңның басты ерекшелігі бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады. Осы заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын. Депутаттарға заңды егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын. Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындарды өткаізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, сайлау және саяси партиялар туралы заң жобаларына қол қойғанын айтты.

«Біз парламенттік оппозиция институтын енгіздік. Саяси партияларды енгізу талаптары жеңілдетілді. Сайлауға түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота бөлетін болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Президент шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота 40 пайызға дейін шектелгенін атап өтті.

«Есеп комитеті мемлекеттік органдарда жүргізілген аудиторлық қорытындыларын жариялай бастады. Ақмола, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау облыстарында игерілмеген жарияланымдар біртіндеп, мемлекетке қайтарылды.Оған ғарыштан мониторинг жүргізу арқылы қол жеткізілді. Бұның барлығы Ұлттық кеңестің бастамасымен жүргізілген шаралардың бір бөлігі ғана. Баршаңызға қазіргідей күрделі кезеңде өзекті мәселелерді шешуге атсалысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Ұлттық кеңес бір жылға жуық уақыт аралығында аса маңызды реформаларды пысықтап жүзеге асырды», - деді ол.

Мемлекет басшысы кез келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын айтты.

«Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің дамуына, өркендеуіне үлес қоса алады. Сондықтан да бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамытуға арнадық. Бұл ғылым, білім беру және денсаулық сақтау саласы. Жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетін анық. Экономиканың өзі оған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаражат 7 есеге өсетінін ескерген жөн», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан халықаралық білім беру көрсеткіштері бойынша дамыған елдерден айтарлықтай қалып келе жатқанын айтты.

«Оның негізгі себебі бөлінген қаражаттың аздығы мен жүйелік жүйенің жоқтығында. Білім беру - экономиканың маңызды саласы. Білім беруге бөлінетін жеткіліксіз қаражат жайында айтатын болсақ, оған себептер бар. Көрпеге қарай көсілу керек. Бір оқушыға орташа есеппен жылына 1000 доллар кетіреміз. PISA бойынша дамыған елдер бір оқушыға 10-14 мың жұмсайды», - деді Президент.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды