• Басты
  • Президент берген тапсырмаларды Үкімет қалай орындап жатыр
14 Шілде, 2020 16:07

Президент берген тапсырмаларды Үкімет қалай орындап жатыр

ҚР Үкіметінің отырысында 10 шілдеде Мемлекет басшысымен берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Бұл тапсырмалар қалай орындалатыны жөнінде толығырақ Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан білуге болады.

Президент берген тапсырмаларды Үкімет қалай орындап жатыр
Бүгінге дейін Қазақстанда 61 755 адам жұқпалы дертке шалдыққанын жаздық. 396 адам осы аурудан айықпай мерт болды.

Үкімет басшысы Мамин жиынды шектеу шаралары жайлы айтудан бастады.

 Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша, эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз», — деп Үкімет басшысы сақтық шараларын қатаң сақтауды іске асыру маңыздылығын айтты.

 Денсаулық сақтау министрі Цойдың бұл отырыстағы мәліметіне сәйкес соңғы тәуліктерде аурудың таралуы күніне тұрақты түрде 1700-1800 адамды құрап отыр. Күн сайын аймақтарда пандемияға қарсы өткізіліп жатқан әдіс-тәсілдердің тиімділігін 17 индикатормен есептейтін мониторинг жүргізіп жатыр екен.

 «Рейтингке сәйкес, 1-позицияны 2 облыс - Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары алып отыр, бұл өңірлерде 17 индикатордан 9 нысаналы индикаторға қол жеткізілген. Рейтингте екінші орынды 5 облыс және Шымкент қаласы алады – 8 индикаторға қол жеткізілді, 3-орында – 3 облыс және Алматы қаласы – 7 индкатор бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілген. Рейтингте соңғы орынды Атырау облысы алып отыр, мұнда 17 индикатордың 5-і орындалған», — деді А. Цой.

COVID–19-бен күресу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігіні бағалауды көрсететін жаңа көрсеткіш бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттыруы тиіс іс-шаралар іске асырылуы керек.

 Бүгінде COVID-19-бен күресу жұмыстарына 46 мыңнан аса маман тартылған. Өңірлерде эпидемиологтар, инфекционистер, анестезиолог-реаниматологтар, пульмонологтардың жетіспеушілігі байқалады. Министрлік КВИ-мен күресу аясында аса сұранысқа ие түлектерді: анестезиологтарды - 88 маманды, инфекционистерді - 26 маманды, пульмонологтарды - 7 маманды бөлді, — деді А. Цой.
Сонымен қатар, кадрлар тапшылығы мәселесін шешу үшін ҚР медициналық ЖОО-лары 2084 маман мен волонтерді тартты, олар эпимедиологиялық шараларға жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмыстарға студенттер тартылды. Коронавируспен күресу бойынша іс-шараларға тікелей атсалысып жүрген медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төленеді.  

 Бөлшек сауда дәріханаларын дәрі-дәрмектермен толтыру үшін Ресей Федерациясынан 2 әуе рейсі және Үндістаннан бір рейс ұйымдастырылды. Отандық өндірісті ескерумен, бүгінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам сомаға 3,5 млн орама дәрі-дәрмек жеткізілді. Өңірлерде дене қызуын түсіретін, антибактериялық дәрі-дәрмектердің бір айлық қоры жасалды. Биыл 15-17 шілде аралығында Үндістаннан қосымша екі рейсті және Ресей Федерациясынан бір рейсті ұйымдастыру жоспарланған.  

Дәрі-дәрмектер қоры апта сайынғы жеткізулерді ұйымдастыру есебінен толықтырылып отырады. Отандық өндірушілер өндіріс қуаттарын арттырып жатыр. Биыл шілде айынан бастап ай сайынғы қамту сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 600 мыңнан аса орамасын қамтитын болады. Дәрілерді тасымалдауды жеңілдету және нарыққа шығару үшін рұқсат құжаттарын беру рәсімдері бір тәулікке дейін жеңілдетілді», — деді министр.
 Дәрі-дәрмектер қоры апта сайынғы жеткізулерді ұйымдастыру есебінен толықтырылып отырады. Отандық өндірушілер өндіріс қуаттарын арттырып жатыр. Биыл шілде айынан бастап ай сайынғы қамту сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 600 мыңнан аса орамасын қамтитын болады. Дәрілерді тасымалдауды жеңілдету және нарыққа шығару үшін рұқсат құжаттарын беру рәсімдері бір тәулікке дейін жеңілдетілді», — деді министр.

 Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 966 ӨЖЖ стационарлық аппараты бар, реанимациялық төсек-орындар саны - 1 553. Дегенмен, тұрғындардың COVID-19-бен сырқаттануының артуы жөніндегі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының болжамын ескерумен, жалпы еліміз бойынша 6 365 жуық реанимациялық төсек-орын қажет, оларды жабдықтау үшін қосымша 4 093 ӨЖЖ стационарлық аппаратын сатып алу қажет, бұл денсаулық сақтау ұйымдарының ахуал нашарлаған жағдайға әзірлігін қамтамасыз етеді.   

        Бұл қажеттілікті (4 093 бірлік) былай өтеу ұсынылады: Дүниежүзілік банктің займының босатылған қаражаты есебінен 5,5 млрд теңге сомасына 460 бірлік, өңірлердің әкімдіктерінің жергілікті бюджеттерінің резервтері мен қаражаты аясында 4,9 млрд теңге сомасына 409 бірлік ӨЖЖ аппаратын алу, бұл қосымша қажеттіліктің кемінде 10% қамтиды, отандық өндірістің жергіліктендірілуі мен іске қосылуын ескерумен Үкімет резервінен 38,7 млрд теңге сомасына 3 мыңнан аса бірлігін отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады», — деді А. Цой.

  Министр нақтылағандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша тамыз айынан бастап ӨЖЖ аппараттарын өнеркәсіптік өндіру жолға қойылады, 595 бірлік көлеміндегі алғашқы партиясы денсаулық сақтау ұйымдарына жөнелтіледі.  

 Сонымен қатар, болжамды ескерумен 8 487 төсек-орын немесе жасақталатын төсек-орын қорының жалпы санынан кемінде 20%-ы оксигенотерапия (медициналық газдарды, оттегі концентраторларын т.б. жеткізу) арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық өңірлерде оттегіні, сондай-ақ оттегі концентраторларын жергілікті өндірушілер және жеткізушілер бар.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрліктің індет кезінде қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша Ұлттық жоспар жобасын әзірлегенін атап өткен жөн, онда іс-шаралардың орталық және жергіліеті деңгейлерде бекітілуі қарастырылған. Қазіргі кезде осы жобаны келісу рәсімі аяқталуда.

 Цойдан бөлек бұл жиында онлайн арқылы Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, Қаржы министрі Е. Жамаубаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов шығып, баяндамалар жасады.

 Күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе – дәрі-дәрмек мәселесі. Асқар Маминнің айтуынша, дәрі-дәрмек қазір жеткілікті, қажетінше күн сайын толықтырылып отырады.

 Премьер-министр Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне төтенше жағдай кезіндегі сияқты миллионнан астам адамға азық-түлікке ақшалай көмек беруін тапсырды. 42500 теңге карантинге байланысты табысынан айырылған жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтушылардың жолдаған өтінімдеріне сәйкес жүргізілетін болды.

 Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша білім, цифрландыру министрліктеріне және әкімдіктерге 1 қыркүйектен бастап, жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда және бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, «кезекші» сыныптардың жұмысы қамтамасыз етілетін болады.

 Премьер-Министр әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайына халық пен бизнесті қолдау бойынша қосымша іс-қимыл жоспарын дайындауды тапсырды. Бұл ретте бюджет қаражатын тиімді жұмсап, инфляция деңгейін 8-8,5% деңгейінде ұстауды қамтамасыз ететін ақша-несие саясатын жүргізу қажеттігі аталды.

 Үкімет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайыловқа Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін пысықтап, екі апта мерзімде шешім жобасын енгізуді тапсырды.

 Әкімдіктерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орындарын құру санын ұлғайту жүктелді.

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, тауарларды сатып алу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің жобаларын іске асыруды кеңейту туралы тапсырма берілді.

 «Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы аптаның соңына дейін Жер реформасы жөніндегі комиссияны құру туралы шешім жобасын енгізуді тапсырамын. Комиссия жер ресурстарын одан әрі пайдалану бойынша нақты ұсыныстар дайындауы қажет», — деді А. Мамин.

 Тапсырма беріп болған соң Асқар Мамин қарамағындағы министрлер дайындап әкелген есепті тыңдады.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысы экономикалық өсуді қалпына келтіруді қамтамасыз ету және жұмыспен қамту мен халықтың табысын қолдау жөнінде нақты міндеттер қойғанын айтып, Үкімет пен Ұлттық Банктің Бірлескен іс-қимыл жоспары қалыптастырылатынын айтты. Тікелей инвестициялар бойынша тұрақты ортаны қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті өзгерістер Мәжілістің қарауына енгізілетін болады. Мемлекеттік компаниялардың бюджетке дивидендтерді төлеуді тұрақты негізде арттыру мәселесі зерделенеді. Бюджеттің кіріс бөлігінің тиімділігін арттыру үшін салықтық преференциялар мен жеңілдіктер талданады. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы агенттігімен және Ұлттық Банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қор нарығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Президент Әкімшілігіне енгізетін болады. Мемлекет басшысының мемлекеттің фискалдық және экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бизнес үшін міндеттемелерді енгізе отырып, бағдарламаның нақты индикаторлары мен стратегиялық міндеттері айқындалатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылғы қыркүйекте «ақылды реттеу» элементтерін ескере отырып, «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисін толыққанды іске қосу қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультациялар алуын жеңілдету үшін бизнес үшін «Біріңғай терезенің» толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің есебі бойынша 2020 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өске. Өңірлер бөлігінде өндірістің төмендеуі елдің 3 аумағында байқалуда (Ақтөбе -97,9%, Павлодар - 99,4%, Шымкент – 99,6%). Жылдың соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтты. Өңдеу өнеркәсібі салаларында біз 1,7 трлн. теңге сомасында 65-тен аса жобаларды іске асыруды жоспарлануда. Бұл 2025 жылға қарай саладағы импортты 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді (6 млрд АҚШ долларына). «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және Жұмыспен қамту жол картасының (оперативті мәліметтер бойынша) қазақстандық қамту үлесі 90%-ды құрайтын, 3,7 млрд. теңге жалпы құнымен 6 202 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.Сонымен қатар, құрылыс материалдарын шығару бойынша 33 жоба іске асырылуда (оның ішінде 8 жоба импорт алмастыру бойынша), осының есебінен импорт үлесін 15%-ға азайту және тұрғын-үй құрылысында 90%-ға дейін отандық құрылыс матералдарын пайдалану жоспарлануда. Министрлікпен құрылыс саласында қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр.

ҚР Қаржы министрі өздері өткізіп жатқан шараларды қысқаша былай баяндады:

Бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылауды қамтамасыз ету үшін Жобалық офис құрылды және тиісті әдіснамалық база әзірленді.

Бизнестің жол картасы деректерін қолмен басқару режимде талдау және әдіснаманы бейімдеу бойынша пилот іске асырылуда.

Бизнеске жүктелген міндеттемелердің орындалуын бақылауды ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін субъектілік талдау жөнінде талдамалық деректер базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өз контрагенттеріне дербес тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған деректер базасын құру үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп заңнамалық түзетулер әзірленді.

Олар салық салу және инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері жөніндегі Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан заң жобасына енгізілетін болады.

Мемлекеттік органдардың деректер базасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылатын болады.

«Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі бойынша

Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп мәселені нормативтік реттеді.

Қазір тұрғын үй қорын, коммерциялық жылжымайтын мүлікті және жылжымалы мүлікті сату бойынша шаралар қабылдануда.

Экономикалық айналымға 679 га жер учаскесі енгізілуде.

Жалпы, жұмыс жандандырылатын болады.

 ҚР Еңбек, халықты әлеуметтік қолдау министрінің айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» мен басқа мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты жұмыс орындарын құру әлеуеттін қайта қарауды ұсынды.

 «Жұмыспен қамту Жол картасы» бойынша жергілікті атқарушы органдарда 53 млрд. теңгеге жұық үнемдеу орын алып отыр.

Сол қаражатты:

➢        ұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа жобаларға бағыттауды,

➢        немесе шағын-орта бизнеске, тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында, мини-өндірістер құру үшін несиелеуге пайдалануды ұсынамыз.

 Бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төлеген адамдарды табысты жұмыспен қамту және «Электронды еңбек биржасын» бірыңғай портал

 Төтенше жағдай кезінде бірыңғай әлеуметтік төлемді алғаш рет төленген 1 млн. 338 мың адам «Енбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге еңгізіліп, жұмыспен қамту орталықтары тиісті жұмыстар атқаруда.

 Бүгінге 68 949 адам жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, және 30 325-і жұмыс орындарымен қамтылды.

«Электронды еңбек биржасы» сәтті жұмыс істеуде, - деп есеп берді министр.

  ҚР Ауыл шаруашылық министрінің баяндамасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін болдырмау мақсатында ішкі нарықты молайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Импорт алмастыруды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде айқын жоспар әзірленді.

Сақтау инфрақұрылымы бойынша қазір республикада   27 млн. тонна сақтау сыйымдылықтары, оның ішінде 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар.

 Шағын және орта фермерлерге арналған 10 мың тоннаға дейінгі кішігірім астық қоймаларының мәселесін шешу керек. Мұндай тәжірибе АҚШ пен Канадада бар, біз де бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, маусым аралық кезеңде қазіргі заманғы көкөніс сақтау орындары мен жеміс сақтау орындары жетіспейді (1,9 млн. тоннаға 1 249 бірлік). Бұл үшін заманауи сақтау орындарын салуға жеңілдетілген кредит беру және инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылуда.

Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға қатысты сыртқы нарықтардың конъюнктурасы зерттеледі. Көлік шығындарын субсидиялаумен қатар, экспорттық өнімді сертификаттауға жұмсалған шығынға өтемақыны енгізу, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімін жылжытудың жаңа тиімді маркетингтік құралдарын енгізу пысықталатын болады. Импорттаушы елдердің нарықтарына егжей-тегжейлі шолу жасай отырып, «экспорттық гидтердің» үлгілік жүйесін енгізу жоспарланып отыр, - деді министр.

    Мемлекет басшысының тапсырмалары барлық министрлік тарапынан орындалып жатқанын, жаңа шаралар жүзеге асу алдында тұрғанын бүгінгі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысындағы баяндамалардан байқалды. Дер кезінде қабылданған шешімдер елдегі күрделі ахуалдың тезірек жеңілденуіне септігін тигізеді деген сенімдеміз.

    Фото: primeminister.kz сайтынан

Барлық жаңалықтар