• Басты
  • Президент қандай заңға өзгеріс енгізді
5 Мамыр, 2020 17:26

Президент қандай заңға өзгеріс енгізді

Президент Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
 Президент қандай заңға өзгеріс енгізді

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

«Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға»;

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын;

аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                                                                     Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр

                         № 325

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды