- Басты
- Жаңалықтар
- Полиция қызметкері: Жанып жатқан үйге кездейсоқ жолықтық
Полиция қызметкері: Жанып жатқан үйге кездейсоқ жолықтық
Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінде аға лейтенант болып істейтін Бейбарыс Қалымбетов қызмет барысында көшеде келе жатып облыс орталығындағы үйдің бірінің терезесінен балалардың көмек сұраған жағдайын байқап қалады. Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Үй ішіне кіргенде тұрмыстық заттар өртеніп жатқанын байқайды. Полицейлер үлкені бес, кішісі бір жасқа толмаған балаларды өрт ішінен алып шықты. Оларды көршілеріне тапсырды. Балаларды өрттен құтқарған аға-лейтенант Бейбарыс Қалымбетов Strategy2050.kz тілшісіне сұхбат берді.
Полиция қызметіне келгеніңізге қанша уақыт болды?
2012 жылдан бері ішкі істер органында жұмыс істеп келем. Қазіргі лауазымым – жеке уәкіл. Полицейлік еңбек өтілім – 8 жыл. Мектеп жасынан бері полиция қызметкері болуды армандадым. Олардың ерекше киім үлгісі, өздеріне сенімділігі, қатаң мінезіне қызығатынмын. 2012 жылы Дәрімбек Бисенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, заңгер мамандығының иесі болдым. Алғашқы қызметім полиция бөлімшесі. Осы салада әлі келемін.
Полиция болу үшін қандай мамандық иесі болу керек?
Полиция мектебін немесе жоғары оқу орнын заңгер мамандығы бойынша бітіру керек.
Полицейлердің жалақыларына көңілдері тола ма?
Иә, жыл сайын жалақымыз өсіп келеді. Жалақымыз бір отбасыны асырауға жеткілікті. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің жалдамалы пәтерінің ақысын да жергілікті бюджет есебінен төлейді. Сондықтан шағымдануымызға негіз жоқ.
Осы жылдың сәуір айында сіз 4 баланы өрттен аман алып қалдыңыз. Сол оқиға туралы айтып беріңізші.
Әріптесім Әлімбетов Әлімжан екеуміз қылмыстық іс бойынша бір азаматтың Көшербаев көшесіндегі тұрғын үйде тұратынын тексеруге барған болатынбыз. Осы көшеде орналасқан жеке үйлердің бірінде кішкентай балалардың көздерін киіммен жауып алып, жылап тұрғанын байқадық. Терезеге жүгіріп жеттік. Олардан «әкең қайда?», «анаң қайда» деп сұрадық. Әкелері жұмыста, аналары дүкенге шығып кетіпті. Түтіннің иісін сезіле бастады. Біз өрт басталып жатқанын бірден түсіндік те, шарбақтан секіріп түсіп үйге жүгірдік. Үйдің сыртқы есігі кішкентай темір қасықпен жабылыпты. Есікті ашып қалсақ, түтіннің иісі бетімізге тиді. Ортаңғы бөлмеде жердегі кілем мен көрпешелер жанып жатыр. Үйдің ішінде демалу мүмкін емес. Түкпірдегі бөлмеде төрт бірдей бала жатыр. Үлкені бесте, кішісі бір жасар екен. Балаларды бірден сыртқа шығарып, көршінің үйіне апардық. Көршілерден балалардың анасына телефон соғуын сұрадық. Өртті сөндіруге талпындық. Жанып жатқан кілем көрпелерді далаға шығардық. Сөйтіп балалардың анасы үйге жетті. Осылайша, балалар өрттен құтқарылды.
Тағы қандай осыған ұқсас оқиғалар болды?
Мұндай өрттен құтқару оқиғасы алғаш рет болды. Басқа болмай-ақ қойсын. Балалар аман болсын!
Жұмысыңыз ауыр ма?
Жоқ, мен үшін ауыр емес. Өзімнің қалауыммен, бала күнімнен армандап келген мамандық болғандықтан мен бұл жұмысты ауырлықпен емес, оңай істеуге талпынам.
Бірақ қауіпті шығар?
Қауіпті күндер де болып тұрады. Бірақ қауіпіздік шаралары бар. Сақтануға тырысамыз.
Әңгімеңізге рахмет. Ерлік ісіңіз үшін алғыс білдіреміз.

4 баланы өрттен құтқарған Бейбарыс Қалымбетов және Әлімжан Әлімбеков

Оқиға орнынан
Айнара Байжан
фото:
Фото автордан
-
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек -
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес -
ҚР ІІМ: Апта ішіндегі қылмыстар, «сервистік полиция» моделі және киберқылмыс -
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр -
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Қазақстан полициясындағы реформалар: өткені мен бүгіні -
Қазақстан полициясының қызметі қалай реформаланады -
Сарапшылар: Қазақстан «құқықтық мемлекет» құруға дайын ба -
Көпбалалы полиция майоры: Мен үшін "өзгенің баласы" деген ұғым жоқ