• Басты
  • Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек

Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек

8 Ақпан, 2021 14:02

Бүгін ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында «Автокөлікті басқару кезінде жүргізуші құжаттарының болуы нормасын алып тастауға қатысты заңнамадағы өзгерістер» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов қазақстандық көлік жүргізушілерге МАИ қызметкерлері құжаттар сұраса, қалай жауап беру керектігін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, 13 ақпаннан бастап азаматтар өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алмай жүре алады.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаев 1 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулары енгізу туралы» Заңына қол қойды. Заң ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді. Заң 2 ақпан күні «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды және 13 ақпаннан бастап күшіне енеді. Демек, жүргізушілер 13 ақпанға дейін құжаттарсыз жүре алады", - деді ол.

Спикер министрлік Жол жүрісі ережесіне Қазақстанда берілген құжаттарды өзімен бірге жүргізушілердің алып жүру міндетін алып тастау бөлігінде өзгертулер енгізіп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда өзгертулер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айтып отырған Заңның күші жол жүру ережесінен жоғары. Яғни полиция қызметкерлері жол жүру ережесіне қатысты мәселе туындаса, құжаттар талап етпейді. Айтпақшы, жүргізуші куәлігімен техпаспорт беру қызметі жалғаса бермек», - деді ол.

Оның мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда шамамен 500 мың жүргізуші куәлігі және шамамен 1,5млн техпаспорт беріледі.

«Соңғы 3 жылда 110 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік-қылмыстық талаптарға қатысты жүргізуші құқығынан айырылды. Оны білу үшін планшет жеткілікті. Көлікке қатысты ақпарат алу үшін көліктің мемлекеттік нөмірін планшетке енгізу керек», - деді Түсіпов.

Оның айтуынша, бұл тәжірибені енгізу бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы бес елдің қатарында.

«Пандемия кезінде құжаттың есептілігін планшет арқылы тексеру тәжірибесін қолдандық. Аталған түзетулер көлік шетелде тіркелсе немесе жүргізушінің куәлігі шетелде алынғандарға жүрмейді. Оларда бұл құжаттар болуы керек», - деді Комитет төрағасының орынбасары.

Егер полиция қызметкерлері жүргізушіден куәлікті талап етіп, егер құжат жүргізушімен бірге болмаса, 102-ге қоңырау шалу керектігін айтты.

«Егер 13 ақпаннан кейін полиция қызметкерлері құжаттарды көретуді талап етсе, 102 нөміріне немесе қауіпсіздік бөліміне хабарласу керек. Мұндай жағдайда құжат сұраған полицияға жаңа заңның тәртіптері түсіндірілді. Бұл бойынша мәселе туындамайды. Полиция қызметкерінің жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқығы жоқ, - деп түсіндірді полицей.

Бұрын Қазақстанда жүргізушіге құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылған болатын.

Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті.

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жүргізушілердің құжатты өзімен бірге алып жүрмеуіне қатысты шаралар 2019 жылдан бастап қолданылып келеді. 2019 жылы 162,6 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда оның 148 мыңына ескерту жасалып, айыппұл салынбады. Бұл – ІІМ тарапынан азаматтарға қолдау көрсетуге арналған шаралардың бірі.

Қазақстан келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір автобустардың тіркелуіне тыйым салынады.

«Жаңа заң бойынша шыққанына 10 жылдан астам уақыт өткен автобустарды Қазақстанда тіркеуге тыйым салынады. Бұл норма келер жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілдеді. Бұл жүргізушінің орнынан басқа 8 орындықтан астам орны бар барлық автобусқа қатысты болады», - деді Серік Түсіпов.

Брифинг барысын Нұрділдә Ораз өткен апта ішінде орын алған жаңалықтарға тоқталды.

Өткен аптада ІІМ халыққа ыңғайлы жаңа сервис – “102” мобильді қосымшасын іске қосты. Күнделікті Жедел басқару орталықтарының операторлары республика бойынша “102” арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді. Сонымен бірге, болған оқиға туралы ақпарат полицияға емес, әлеуметтік желілерге жіберілетін жағдайлар да кездеседі. Әдетте, әртүрлі оқиғалардың куәгерлері фотосуреттерді немесе видеоларды өз парақшаларына салады немесе танымал пабликтерге жібереді. Бұл оқиғаларды біздің мамандар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтайды. Бұл ретте полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты “ізін суытпай” ашу үшін пайдалануға қажет болатын қымбат уақытты жоғалады.

Өткен аптада Алматы полициясы азаматтар өз еркімен тапсырған 500-ден астам қаруды жойды. Тұрақты негізде тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, нәтижесінде 581 бірлік тіркелген қару-жарақтарды азаматтар мен ұйымдар жоюға тапсырды.

Барлық жаңалықтар