• Басты
  • Пневмония мен коронавирус статистикасы біріктіріліп көрсетіледі
17 Шілде, 2020 16:00

Пневмония мен коронавирус статистикасы біріктіріліп көрсетіледі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі науқастардың санын көрсететін статистиканы шығаруға өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлады. Пневмония мен коронавирус ауруларын тіркеу мен науқастардың санын есептеу қалай жүзеге асатынын туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан білуге болады.

Пневмония мен коронавирус статистикасы біріктіріліп көрсетіледі

Министрдің айтуы бойынша, індет статистикасы жайлы сөз болғанда коронавирус көп айтылады. Алайда, пневмонияға да назар аудару қажет болып отыр.

Мәліметтер мейлінше ашық болуы үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін біріктірді. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен жүргізілген консультацияларды ескере отырып, біз COVID-19 жағдайларын есепке алу үшін жаңа кодтауға көшу туралы шешім қабылдадық. ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросымен жүргізілген техникалық кеңестерді ескере отырып, біз халықаралық аурулар жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID – 19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылдадық. Осылайша, COVID – 19 зертханалық расталған жағдайлары ПТР тестінің теріс нәтижесімен, бірақ COVID – 19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктіріледі. Жинақталған клиникалық тәжірибелерден біз осы аурулар ағымының ұқсастығын және оларды емдеу тактикасына бірыңғай тәсілдерді қолдану қажеттілігін атап өтеміз, - деді Алексей Цой.
Бұған дейін Қазақстанда, өзге елдердегі сияқты COVID-19 зертханада расталған болса ғана есепке алынатын. Сонымен қатар, маусым айының 20-нан кейін зертханада расталмаған вирустық пневмониямен ауырып қалған науқастар өте көп тіркелген. COVID – 19 аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша статистика деректердің екі негізде құралатын болады: зертханалық расталған жағдайлар мен анықталмаған вирустық пневмониялар. Жаңа кодтауға толық көшу 1 тамызға жоспарланып отыр.

Енді коронавируске ұқсас белгілері бар бірақ зертханалық түрде анықталмаған пневмония аурулары COVID-19 статистикасымен біріктіріледі.

COVID – 19 кодтау мен ақпараттық жүйелерді ретке келтіру және басқа да техникалық мәселелерді шешу бөлігінде медициналық қызметкерлердің құзыретін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте, Денсаулық сақтау министрлігі есепке алу тәсілдерінің өзгеруі коронавирустық инфекциядан болатын аурушаңдық пен өлім-жітімнің халықаралық рейтингінде Қазақстанның ұстанымының нашарлауына әкелетінін толық түсінеді. Сонымен қатар, бұл тәсіл аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді: медициналық кадрлар, төсек орындары, медициналық жабдықтар, дәрі - дәрмек құралдары, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз ету,- деді Цой.
Бас дәрігер пневмонияның статистикасын келтірді. Айтуынша, биыл пневмония ауруы өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе артқан. Елімізде жыл басынан бері 234 187 адам пневмониямен ауырды. Оның ішінде 3 327 адам ажал құшты. 2019 жылдың осы кезеңінде - 1 896 өлім оқиғасы анықталған, өсім деңгейі - 1,75 есе.
Бұл көрсеткіш ішінде пневмонияның барлық түрі бар. Нақтырақ:

- стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиелла және басқа да көптеген бактерия, паразит пен саңырауқұлақ сияқты түрлі қоздырғыштардан туындаған бактериялық пневмония;

- анықталған қоздырғышы бар вирустардан туындаған пневмония. Бұл аденовирусты, риновирусты пневмониялар, сондай-ақ, парагрипп, метапневмовирустардан және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туындаған пневмония. Яғни, пневмонияның қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмониялар, бұл ретте COVID тәрізді пневмонияны да жоққа шығаруға болмайды, - деді министр.

Барлық жаңалықтар