• Басты
  • «Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек
9 Қазан, 2020 13:17

«Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек

Бүгін елордада «Қазақстанда өңірлердің пластикпен ластануы бойынша зерттеу жобасын іске қосу” туралы сараптамалық баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға экологиялық проблемалармен айналысатын «Jasyl Arystan» жеке қорының өкілдері қатысып, «Пластиксіз Қазақстан» атты жаңа жобаның жұмысымен таныстырды. Ұйымның қолға алған шаралы жөнінде Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

«Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек

"Пластиксіз Қазақстан" жобасы

Жыл сайын әрбір қазақстандыққа шамамен 42 кг пластикалық қалдықтан келеді, оның ішінде сәбилер де бар. Жалпы ел аумағында жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады, оның 15 пайыздан астамы пластикалық қалдықтардың үлесінде. Мамандардың пайымынша, қоршаған ортаның ластануы проблемасын сенімді түрде зерттеу, сонымен қоса сараптау тетіктерін дамыту, халық арасында экологиялық тұтыну мәдениетін қалыптастыру үшін жүйелік тәсілдерді әзірлеу, сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Осы орайда «Jasyl Arystan» жеке қорының басқарма төрағасы Гүлнар Ережепова өзінің «Пластиксіз Қазақстан» жобасының басталғаны туралы айтты. Оның сөзіне сенсек, аталмыш жоба елдің пластикалық ластануын зерттеуге және күресуге бағытталған. Жоба аясында қор Қазақстан үшін ел аймақтарындағы пластикалық ластану бойынша алғашқы ауқымды зерттеу жүргізбек. Бұл мүдделі мемлекеттік ұйымдар мен министрліктер, сондай-ақ экологиялық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты ынталандырады.

«Қор Қазақстандағы пластик салдарынан экологияның ластану проблемасына қоғам тарапынан белсенділікті қалыптастыруға, салық және субсидиялау құралдарын қоса алғанда, қоғамдық бастамаларды дамыту мен қоғамдық насихаттауға бастамашы болуға, сонымен қоса Қазақстандағы пластикалық ластануға қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін енгізуге ниетті», - деді басқарма төрағасы.

Оның сөзіне сүйенсек, жобаның негізгі идеясы - саналы тұтыну мәдениетін және қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттау арқылы халықтың санасын өзгерту. Болашақта пластикті нөлдік тұтынуды қамтамасыз ету үшін мақсатты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жалғаспақ.

Жиынға қатысқан мамандардың пікірінше, бүгінде Қазақстанда пластикалық қалдықтармен ластану проблемасы толық зерттелмеген және бұл қалдықтардың қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына әсері туралы зерттеулер жүргізілмеген. Елдімекендердің қатты қалдықтармен, көбінесе, пластмасса бұйымдарының қалдықтарымен ластануы алаңдатып отыр. Жағдай ушығып тұр, өйткені мұндай қалдықтарды пластикалық бөтелкелерден бастап, шампунь мен кір жуғыш ұнтақтарға дейін өртеу әдетке айналған.

«Кәдімгі полиэтилен пакетін өртегенде де ауаға 70-ке дейін әртүрлі қосылыстар тарайды, олардың көпшілігі адам үшін улы. Пластмассаларды, пластиктерді, полиэтиленді жағу түтін мен басқа да шығарындыларды шығарады, оларды ішке қабылдағаннан кейін олар сыртқа шығарылмайды. Олардың жануынан пайда болған канцерогенді заттар ауада жиналып, онкологиялық аурулардың көбеюіне әкеледі», - деді Гүлнар Ережепова.

Қазақстанда жыл сайын 30 мыңнан астам адам онкологиялық аурмен тіркеледі

Бұдан бөлек «Jasyl Arystan» жеке қорының сарапшы-экологы Марина Дробот пластикалық заттардың тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша өзекті мәселеге айналғанын атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын миилиондаған адам және жануарлар экологияның ластануы әсерінен пайда болған ауру салдарынан қайтыс болады. 2012 жылы жарияланған баяндамада ауырып көз жұмғандардың төрттен бірі экологиялық проблемалармен байланысты.

«Пластмассадан жасалған бұйымдарды қолданған кезде адамдар көп мөлшерде микропластикалық бөлшектер мен қатерлі ісік, дамудың кешеуілдеуі және эндокриндік бұзылулар тудыруы мүмкін жүздеген улы заттарды жұтады», - деді сарапшы.

Оның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 30 мыңнан астам адам онкологиялық аурмен тіркеледі. Бұл әлем бойынша өлімге әкелетін індеттер қатарында. 2018 жылғы дерекке сүйенсек, әлемде 18,1 млн адам онкологиялық ауруларға шалдықса, 9,6 млн адам осы аурудың салдарынан қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша, 2030 жылға қарай жылына жаңадан тіркелгендер саны 23,6 млн адамға артуы мүмкін.

Сонымен қоса Марина Дробот пластиканың салдарынан адамдар қатерлі ісікке шалдығып, иммунитеттің төмендеуіне, тіпті генетикалық мутацияға ұшырайтынын еске алды. Сондықтан да қазіргі таңда әлемде пластикадан бас тарту шаралары қарқынды жүріп жатыр, әсіресе бір реттік қолданылатын ыдыстардан бас тарту белең алуда.

«Мәселен, биыл Франци бір рет пайдаланылатын ыдыстарды қолданудан бас тартты. Келесі жылдың қаңтарынан бастап АҚШ, Канада, Ұлыбритания секілді дамыған елдер осы шараға қосылмақ. Бұл тенденция бізді қуантады. Бізде Қазақстанда жылына бір тұрғынға (сәбилерді қосқанда) 40 кг пластиктен келеді. Ал ауылдарда жалпы пластиктен жасалған нәрселерді өртейды, оның қатарында пластикалық пакеттерде бар. Бір полиэтилен пакетін өртеген кезде ауаға 70-тен астам консорегенді зат бөлінеді. Бұл ауа арқылы адам ағзасына өтіп, онкологиялық ауруларға ұшырауына себеп болады», - деді эколог.

Қазақстанда 2019 жылдың соңындағы статистикаға сүйенетін болсақ, 180 мыңнан астам ұатерлі ісікке шалдыққан адам тіркелген. Жыл сайын 35 мың жаңа жағдай тіркелуде. Ал өткен жылы 15 мыңға жуық қазақстандық қатерлі ісіктен қайтыс болды.

Оның сөзінше, Қазақстанда жылына бір азамат 400 кг тонна қалдық шығарады, яғни күніне 1,5 кг. Елімізде қалдықтардың 3 пайызы ғана өңдеуге жіберіледі. Бұл өте аз. Ал қалғаны қалдық тастайтын свалкаларға кетеді. Біздің қазақстандықтарға қалдықты іріктеуден гөрі, лақтыра салған ығайлы. Егер бұлай жалғаса берсе, экологиялық дағдарысқа әкеп соқтыруы мүмкін.

«Біздің елде пластиктен жасалған затты көп қолданады, екншіден, оның зияндылығы туралы ақпарат аз. Сондықтан да қазіргі мақсатымыз оның зиян екенін әр тұрғынға жеткізу болып отыр. Мәселен, аслыстағы мұхиттың ластануы маған әсер етпейді деп ойлайды көпшілігі. Бірақ олай емес. Оның зардабын әр адамның өзі, отбасы, бала-шағасы, сонымен қоса келешек ұрпақ тартатынын ойлана бермейді», - деді Марина Дробот.

Бұдан бөлек жеке қор өкілдері олардың бастамасын барлық мүдделі тараптар мен мемлекеттік органдар қолдайтынына сенімді. Мамандардың айтуынша, олардың мақсаты мемлекеттік саясатпен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.

Барлық жаңалықтар