• Басты
  • Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай

Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай

18 Мамыр, 2021 12:06

Елорда әкімдігінің баспасөз орталығында Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова Педагогтік әдеп жөнінде кеңестің жалпы атқарған жұмыстары , деп хабарладуралы айтып берді. Аталған кеңес «Педагог мәртебесі туралы» заңның нормаларын жүзеге асыруда елорда педагогтері құқығының қорғалуы, педагогтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың тамыз айынан бастап департамент базасында білім министрі Асхат Аймағанбетовтің бастамасымен құрылған еді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуованың айтуынша, жыл басынан бері департамент жанынан Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес жұмыс істеп келеді. Қалалық кеңестің негізгі қызметі балабақша, мектеп, колледж басшылары, лауазымды адамдар мен өзге де адамдардың заң нормалын сақтау мәселесін қарастырады. Ұжымға, басшыға және әрбір педагогтік кеңес ұйымының төрағаларына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, заң нормалары мен осы педагогтік әдеп қағидаларының нормаларын бұзудың алдын алу шарасы бойынша ұсыныстар әзірлейді.

«Педагог мәртебесі туралы заңның 16 бабына сәйкес үстіміздегі оқу жылында елорданың барлық білім беру ұйымдарында педагогтік әдеп жөнінде кеңес құрылды. Балабақша, мектеп, колледжде құрылған ұйымдық кеңестер өздерінің ережесін бекітті. Мектеп басшысының бұйрығымен жұмыс жоспарын, отырыстар кестесін бекітіп өз жұмысын бастады», - деді департамент басшысы.

Департамент басшысының сөзінше, қалалық кеңесте қаралған шағымдардың нәтижесінде ұйымдық кеңес өз ұсынысын білім беру ұйымының басшысына береді. Сондай-ақ, осы ұйымдық кеңес төрағаларын, ұйымды, білім беру ұйымдарының басшыларын өз кестесімен, ережесімен отырыстар кестесімен таныстырудан бастаған.

«Педагог үні» атты ашық диалог форматында ұйымдық кеңестің төрағалары ұйымға жаңадан келген педагогтармен, сол ұжымдағы жас мамандармен осы педагогтік әдеп нормаларын сақтау туралы онлайн және оффлайн кездесулер өткізді. Осындай кездесулерде әрбір ұжымдық кеңестің төрағасы ұжыммен өткен жұмыстарын талқылап ұйымдық кеңеске түскен шағымдарды қарау және осы мәселелерді шешу қиындықтарын ортаға салып ашық әңгіме жүргізді», - деді Көптілеуова.

Сондай-ақ, брифингте Бағым Көптілеуова көп жағдайда педагогтер өз мәселесін өзі жұмыс істейтін білім беру ұйымындағы педагогтер жөніндегі кеңеске ұсынбастан бірден қалалық кеңеске жолдайтынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, департаменттегі педагогтік әдеп жөніндегі қалалық кеңеске телефон арқылы да мұғалімдер хабарласады екен.

«Олар өздерінің аты-жөндерін айтқысы келмейді. Жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының атын да атамайды. Дегенмен, ойындағы түйткілді мәселесін қалалық кеңесте қаралып, оның оң шешім табуын талап етеді», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, телефон арқылы хабарласқан мұғалімнің шағымын тыңдалып, қолданыстағы нормативті актілер аясында қарастырылып, сол бойынша шағым бойынша шағымданған педагогтің мәселесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

«Алайда алдағы уақытта педагог өзі жұмыс істейтін білім беру ұйымындағы педагогтер жөніндегі кеңеске өз мәселесін ұсынуын біз талап етеміз», - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заңнан туындайтын барлық шаралар 1,5 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Алайда, осы заңның жалпы талаптарын, нормаларын бұзу фактілері көптеп кездесуде. Қалалық кеңеске 20 педагогтен жазбаша өтініш келіп түсті. Ол 20 педагогтің 4-і балабақша, 16-ы мектеп педагогінен түскен.

Сондай-ақ, шағымдар бойынша жүрзілілген мониторингтің қорытындысы педагог құқығының бұзылуына, әдеп нормаларының сақталмауына, мұғалімдердің өзара түсініспеушілігіне, нормативтік апталық оқу жүктемесінің бөлінуіне немесе аттестаттаудан өтуге байланысты екенін көрсеткен.

«Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша педагогті кәсіптік қызметінен тыс жұмысқа тарту мәселесі, басылымдарға мәжбүрлеп жазу, қосымша есепті талап ету, жалақыны уақытылы алмау сияқты жағдайлар туралы ақпараттық сайттарда, әлеуметтік желілерде және call-орталықтарға келген өтініштер бойынша да мониторинг жүргізіп отырмыз», - деді департамент басшысы.

Оның сөзінше, мониторинг бойынша жергілікті атқарушы немесе мемлекеттік органдардың қолдауымен шұғыл түрде шағымды қарастырылып тиісті шаралар қабылданып отыр.

«Қалалық кеңеске педагогтен шағым түскен жағдайда сол білім беру ұйымына барып кезектен тыс отырыс ұйымдастырып ол ұйымның әкімшілігі, педагогтік әдеп жөніндегі кеңесі шағымда көрсетілген мәселеге қатысты педагогтердің бәрін қатыстыра отырып жан жақты талқылап, шешім қабылдауға тырысамыз. Егер де шағымда көтерілген мәселе педагогке қатысты болса, білім беру ұйымының басшысына хаттама мен ұсыныс беріледі» », - деді департамент басшысы.

Бағым Көптілеуова биыл түскен шағымдар негізінде 4 білім беру нысанының басшысы тәртіптік жазаға тартылғанын айтты. Сондай-ақ өтініште көрсетілген фактілер нақты дәлелденбегенін жеткізді.

«2021 жылдың 4 айында келіп түскен шағымдар бойынша бір балабақшаның, 3 мектептің башысына тәртіптік шара қолданылды. Сонымен қатар, өтініште көрсетілген 3 факт нақты дәлелденбеді. Балабақша басшысының әрекеттеріне екі педагогтен шағым түскен болатын. Меңгерушіге Білім және ғылым министрінің №190 бұйрығында көрсетілген педагогтік норманы сақтамағаны үшін ескерту жасалды. Үш мектеп басшысы да дәл осындай әрекеті үшін ескерту алды», - деді департамент басшысы.

Білім департаментінің басшысының айтуынша, кеңес мүшелері сәуір айында өткен педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуінде ереже талаптарын бұзып, тестілеу нәтижесі бұзылған педагогтермен де жеке кездесу өткізгенін жеткізді. Сонымен қатар, сол кездесу барысында аттестаттау туралы жиі қойылатын сұрақтарына жауап берілгенін жеткізді.

Барлық жаңалықтар