- Басты
- Жаңалықтар
- «Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР БҒМ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова "Педагогтердің цифрлық құзырлылығын дамыту" онлайн оқыту курсының басталғанын хабарлады. Курс еліміздің 7000 мектебінен 300 мың педагогтің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзырлылығын мониторингілеу және талдау негізінде әзірленген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің матеиалынан оқи аласыз.

«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту»
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтарды ЖОО-дан кейінгі оқыту бойынша Қазақстандағы ең ірі ұйым ретінде «Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» атты онлайн оқыту курсын әзірледі. Осы «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн-курсы my.edu.kz платформасында 2 тамызда басталып, асинхронды режимде өтуде. Аталған курстар мектеп, колледж педагогтеріне, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.
Курс педагогтерге 3 ай бойы, 2021 жылғы 31 қазанға дейін қолжетімді болады. Осы уақыт аралығында платформаға 500 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Бұл жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің ғана емес, болашақ мұғалімдердің де кәсіби дамуына арналған ең ауқымды бастамалардың бірі. Еліміздің 7000 мектебінен 300 мың педагогтің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзырлылығын мониторингілеу және талдау негізінде әзірленді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
ҚР БҒМ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанованың айтуынша, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2012 жылы педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында құрылған. 9 жыл ішінде «Өрлеу» орталығында еліміздің 623 482 педагогі оқытудан өткен. Сонымен қатар, «Өрлеу» мықты филиалдар желісі арқылы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
«Барлығы республика бойынша 17 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттары жұмыс істейді. Олар барлық облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан», - деді Әсел Мұхаметжанова.
Сондай-ақ, ол мектепке дейінгі, орта білім беру, ТжКБ және жоғары білім беру педагогтарын оқытуды магистр дәрежелері, PhD докторларының, ғылым кандидаттарының, докторларының ғылыми дәрежелері бар 300-ден астам оқытушы жүргізетінін атап өтті. Оқытушылардың біліктілігіне қойылатын міндетті талаптың бірі білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Оның айтуынша, орталықтың негізгі жұмысы ПОҚ сабақтарына қатысу арқылы біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, курс тыңдаушылары арасында сауалнама жүргізу және сапаны қамтамасыз етудің басқа да құралдары негізінде құрылған.
«Біз ғылыми тәсілдер мен ғылыми деректер педагогтардың кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін анықтауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуге, олардың тиімділігін бағалауға негізделгенін түсінеміз. Тиісінше, осы әдістемелерді оқытудың тиімділігін арттыру үшін қолдану жоспарымызда бар», - деді басқарма басшысы.
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы
Ол сондай-ақ бағдарлама сапасын қамтамасыз ету, қызмет саласын кеңейту, педагог бейіні бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тарту туралы жоспарларымен бөлісті.
Оның сөзінше, «Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» атты онлайн оқыту курсы жұмыс істеп жүргендерге ғана емес, болашақ мұғалімдерге де арналған. Сондай-ақ, ол сөзінде жоғары оқу орындарының, педагогикалық мамандықтар колледждерінің студенттерін мектептегі жұмыстың бірінші күнінен бастап цифрлық ортаға сенімді түрде ену үшін оқуға шақырды.
«Жоба ауқымды, бұрын-соңды болмаған, 500 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Оқытудың оқу жылы қарсаңында өткізілуі кездейсоқ емес», - деді Әсел Мұхаметжанова.
Басқарма басшысың айтуынша, соңғы екі жылдағы зерттеулер және пандемия кезіндегі педагогтардың құзыреттілігін бақылау педагогтардың зор ынтасы мен жанқиярлығына қарамастан, оларға АКТ құзыреттіліктері бойынша кәсіби дамуға көмек көрсету қажеттілігі бар екенін анық көрсеткен. Соның ішінде, педагогтардың 73%-ы оқушыларды оқыту үшін АКТ ресурстары мен құралдарының құндылығын мойындайды екен. Ал, педагогтардың 66%-ы АКТ мұғалімдердің кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады деп санайды.
«Осы курсты әзірлемес бұрын, біз 2020 жылдың қараша айында жүргізілген мониторинг деректерін зерттедік. Сауалнамаға республиканың 7000-ға жуық мектебінен 300 мыңнан астам педагог қатысты. Бұл ауылдық және қалалық мұғалімдер», - деді ол.
Әсел Мұхаметжанова нәтижесінде ауылда әрбір төртінші, қалада әрбір бесінші мұғалім- мұғалім өз құзыреттілігінің деңгейін арттыруды қажет ететіні анықталғанын атап өтті.
Оқыту 31 қазанға дейін асинхронды түрде қолжетімді
Оның мәлімеуінше, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсын дайындау шеңберінде Еуропалық білім беру қорымен, Microsoft, Bilim Media Group және Kundelik ұлттық компанияларымен ынтымақтастық орнатып, пайдалы ресурс туралы материалдар әзірлеген. Сонымен қатар, ұлттық білім беру деректер базасын пайдалану бойынша таныстыру және оқыту роликтері енгізілген.
Сонымен қатар, өз аймағыңыздағы жалпы елдегі мәліметтермен танысу мұғалімге стратегиялық көзқарас қалыптастырады, олар зерттеу жүргізуге де көмектесуі мүмкін екендігін атап өтті.
«Педагогтар мен студенттер edu.kz платформасында асинхронды оқи алады, яғни жеке тәртіпте. Кез келген уақытта жаттығуды тоқтата аласыз, ал ыңғайлы болған кезде қайта ораласыз. Платформа 31 қазанға дейін, үш айға дейін қолжетімді болады», - деді ол.
Ол өз сөзінде бұл курсты педагогтарды аттестаттау үшін пайдалануға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары үшін бұл оқытудың мазмұнын өзектендіру жақсы мүмкіндік.
Сонымен қатар, АКТ педагогикасын игерудің озық деңгейін меңгеруді edu.kz платформасында жеке кабинеттен басталады. Ол жерде тіркелу міндетті. Мамандар тыңдаушыларға үнемі мессенджерлер мен колл-орталықтар арқылы қолдау көрсетеді.
Біліктілікті арттыру сапасы
Әсел Мұхаметжанованың айтуынша, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында педагогтардың біліктілігін арттыру үдерісінің сапасын көптеген құралдар арқылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Күн тәртібінде өте маңызды мәселе - біліктілікті арттыру сапасы. Оны көптеген құралдар, біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін мониторингтік зерттеулер арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», деді Әсел Мұхаметжанова.
Оның айтуынша, педагогикалық университеттермен, біліктілікті арттыру ұйымдарымен, мектептермен, білім басқармаларымен педагогтың даму үдерісінде кім және қандай орын алатынын, педагогтың қандай дағдыларды дамыту керектігін әркім түсінуі үшін осындай жұмыстар жүргізіледі.
«Біз бәрінің негізінде ғылыми деректер жатыр деп есептейміз, қандай дағдылар қажет, педагогтарға не қажет, қандай біліктілікті арттыру курстары, жас, неғұрлым тәжірибелі, ауылдық және қалалық педагогтарға не қажет екенін түсінуімізге негіз болады. Тиісінше, осы жұмысты жүргізетін жаңа ғылыми зерттеу департаменті құрылды», - деді ол.

-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
-
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды
-
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері
-
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды
-
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды

