- Басты
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық 20 есеге артады
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық 20 есеге артады
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі бойынша заң жобасына өзгерістер енгізілуде. Бұдан былай заң бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарына салынатын базалық салық ставкалары 20 есеге артады. Бұл туралы осы тақырып аясында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
"Жер бұл мемлекет меншігіндегі ең маңызды актив. Қазақстанның жері кең, халық тығыз орналасқан. Еліміздің аумағы 272 млн гектарды құрайды. Оның 105,3 гектары коммерциялық пайдаланудағы ауыл шаруашылығындағы жерлер. Бұлар шамамен 26 млн гектар егістік жерлер және 72 млн гектар жайылымдық жерлер. Бұл ретте бүгінгі күні мемлекетте шамамен 96,7 млн гектар қосалқы жер бар", - деді министр.
Сонымен қатар оның айтуы бойынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тимді пайдалануда шешілмей жатқан бірқатар мәселе бар. Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында өткен жиналыста айтқан еді. Осыған сәйкес ол мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану бойынша заңға енгізілетін өзгерістерге тоқталып өтті.
"Ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, пайдаланылмайтын жерлерді қайтаруды жеделдету үшін заңға өзгерістер енгізудеміз. Біріншіден, профилактикалық бақылауды енгізе отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді тексеру кезеңдері мен қайтару мерзімдерін қысқарту. Бұрын біз сот процестеріне 2-3 жыл уақытымызды жоғалттық. Қазір біз бақылауды 1 жылға дейін қысқартуды ұсынудамыз. Бұл бізге пайдаланылмайтын жерлерді тез қайтаруға мүмкіндік бермек", - деді Сапархан Омаров.
Сондай ақ оның сөзіне сүйенсек, жаңа заңнама бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелерін 20 есеге артады.
"Екіншіден, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарына салынатын базалық салық ставкаларын 20 есе арттыру. Бүгінгі таңда облыстық мәслихаттардың пайдаланылмаған жерлерге ауылшаруашылық салығын 10 есеге дейін көтеруге құқығы бар. Сондай-ақ жерлердің пайдаланылуына бақылау субъектілеріне бармай, ғарыштық мониторинг деректері негізінде профилактикалық бақылау жүргізуді енгізу, тексеру кезеңдері мен пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мерзімдерін қысқартатын SMS-хабарламалар арқылы тексеру субъектісін хабардар ету рәсімін автоматтандыру көзделіп отыр", - деді ол.
Бқдан бөлек министр ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сапалық көрсеткіштерін тексеру жұмыстарына тоқталды.
"Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сапалық көрсеткіштерін тексеру жұмыстары басталды. 2021 жылға дейін 33 млн. гектарда топырақтық зерттеп-қарау, 33 млн. гектарда геоботаникалық іздестірулер, 30 млн. гектарда топыраққа бонитирлеу жүргізу жоспарланып отыр. Біз осы жұмыстың барлығын инновациялық технологияларды, ғарыштық мониторинг пен сандық деректерді қолдана отырып жүзеге асырмақпыз", - деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге "Ұлттық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымы" жоба жасалып жатыр. Сонымен қатар аталған жобада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған арнайы бөлім бар екендігін атап өтті.
Бұдан басқа Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуын бақылау процестерін автоматтандыру бойынша Министрлік жүргізіп отырған жұмыс 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит (түгендеу) жүргізу туралы Елбасының тапсырмасын бюджет қаражаты мен адами ресурстарды тартпай, белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Назерке Сүйіндік
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Transparency Kazakhstan 2020: Қандай мемлекеттiк мекемелерде жемқорлық фактiсi жиi кездеседi
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
-
Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш»
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Сайлау-2021: Сайлаушылардың 52,5%-ы дауыс берді
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы

