• Басты
  • Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады
14 Қараша, 2019 13:37

Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады


Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады. Бұл туралы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты. 
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады

"Жыл сайын біздің кәсіпорындардың өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады. Олардың қатарында кен, өңделмеген алюминий, көмір, электроэнергия, ауыл шаруашылығы өнімдері, ферроқорытпа бар. Отандық өнімерді экспорттауды арттыру мақсатында жаңа нарықтарды зерттеу үстіндеміз. Мысал ретінде "Екібастұз грэс-1" кәсіпорнын атауға болады. Биылдан бастап аталған кәсіпорын Өзбекстанға электр энергиясын экспорттауды жолға қойды. Ал "Вектор Павлодар" компаниясы легірленген автомобильдің дисктерін Ресей Федерациясына шығарып отыр", - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар оның айтуынша, биыл Павлодар өңіріндегі экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

"Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өсті. оған оң септігін тигізіп отырған тағы бірқатар компанияны атап өтуге болады. Мәселен, "Нефтехим LTD" компаниясы өз өнімдерін Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанға экспорттауда. Макарон өнімдерін шығаратын "Кэмми" кәсіпорны жылына макаронның 120 түрінен 10 мың тонна өнім шығарады. Олар өз өнімдерін Германия, Беларуссия, Ресей және Қырғызстанға экспорттап жатыр", - деді Болат Бақауов.

Бұдан бөлек облыс басшысының сөзіне сүйенсек, облыстың экономикалық жағдайы тұрақты даму үстінде. Оның айтуы бойынша, биыл облыс экономикасы 6,2 пайызға өскен.

"Жалпы облыс тұрақты даму деңгейін сақтауда. Макроэкономикалық ахуал тұрақты. Барлық базалық көрсеткіштер оң нәтиже көрсетуде. Соңғы үш жылдың ішінде жалпы өңірлік өнімнің номиналды көлемі 2-ден 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасы 6,2 пайызға өсті. Осы деңгейді жыл соңына дейін жоспарлап отырмыз. Өнеркәсіпте жыл басынан бері 1,6 трлн теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салстырғанда 19 млрд теңгеге көп немесе 1,80 пайызға артқан. Өңдеу секторындағы кәсіпорындар тұрақты даму көрсеткішін көрсетіп отыр, олар республикалық көлемдегі өңдеу процесінің 12 пайызын қамтамасыз етуде", - деді ол. 

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасымен облысқа инвестиция тарту мәселесі де жолға қойылғанын атап өтті. Инвесторлармен келісім жүргізетін арнайы диалог алаңы да құрылған. Оның айтуынша, осында нәтижелі жұмыстардың арқасында жыл басынан бері өңір экономикасына 352 млрд теңге инвестиция тартылған.

"Doing business" рейтингі бойынша Павлодар облысы бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасайтын өңірлердің бестігіне енді. Биыл "Инвестор үйі" кәсіпкерлермен диалог жүргізетін алаңға айналды. Мұнда Open space форматында кәсіпкерлікті дамытудың барлық институттары мен бизнес жасауға қолдау көрсететін ұйымдар жиналған. Олардың қатарында "Атамекен", "Kazakh Invest", "Өңірлік фонд" және тағы басқалары бар. Әр сейсенбі сайын мен потенциалды инвесторлармен кездесу өткіземін. Біз облысымызға жаңа инвестиция тарту мақсатында әрқашан жаңа жобаларды қолдап, бағыт-бағдар беріп отырамыз. Жыл басынан бері өңір экономикасына 352 млрд теңге инвестиция тартылды", - деді Болат Бақауов. 

Сондай-ақ өңір басшысы өз баяндамасында алдағы өңір экономикасын дамыту үшін алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтті.

"Бүгінгі таңда еркін экономикалық аймақтың инвестициялық портфелінде құны 25 млрд теңгені құрайтын 22 жоба бар, оның 3 млрд теңгені құрайтын 4 жобасын биыл аяқтау жоспарланып отырКелер жылдан бастап еркін экономикалық аймақта құны 20 млрд теңге болатын 9 жобаны іске асыру жоспарда бар", - деді облыс әкімі.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды