• Басты
  • Павлодар әкімі: Облыста пневмония ауруы өршіп тұр

Павлодар әкімі: Облыста пневмония ауруы өршіп тұр

7 Шілде, 2020 17:14
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық КОммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Павлодар облысы бойынша қазіргі таңда стационарлық режимде пневмониядан 2194 науқас емделіп жатыр. Ауру жеңіл және орташа деңгейде өтіп жатқан науқастар саны - 1644. 58 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған. Маусым айында 721 адам емделіп шықты. Шілде айының басында 300 адам сауықты. Пневмониямен ауыратындар қатары төмендемей тұр. Медицина мен дәрігерлердің алдында тұрған басты мақсат - амбулаториялық режимдегі пневмониямен ауыратын науқастарды стационарға жібермеу. Олар амбулаториялық емханаларда емделіп шығуы керек. Ол үшін біз барлық жағдайды жасап жатырмыз. Материалдық-техникалық, дәрі-дәрмекпен қамту, адам ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайын қарастырып жатырмыз. Жасанды тыныс алу аппаратын қосып жатырмыз. Стационарлық және амбулаториялық режимде де жағдайды ушықтырмау керек. Бүгінгі жағдай бақылауға келеді, алайда жүктеме жоғары. Біз көрсеткішке қарай жұмыс істеп, босаңсымауымыз керек, - деді әкім., - деді облыс әкімі. 

Павлодар облысында коронавируспен күреске 2,8 млрд бөлінгенін де Ә. Сқақов бүгінгі брифингте айтты.

Наурыз айында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 490 дәрігер бір жалақы көлемінде сыйақы алды. Медициналық ұйымдардың  материалды-техникалық базасын нығайту үшін 837 млн бөлінді. Бұл қаржыға 33 ӨЖА аппараты мен 19 кереует жанындағы мониторлар алынды. Дәрігерлердің жеке қорғанышын қамтамасыз етуге 660 млн теңге бөлінді. Тағы 42 млн теңге дәрігерлерге қосымша медициналық қажеттіліктерге жұмсалды. ТЖ кезінде коронавируспен күрескен дәрігерлер отбасыларынан бөлек тұрды. Оған кеткен шығыс та бюджеттен кетті, - деді ол.

Стационарлардағы төсек-орындар мен өкпені желдеткіш аппараттарының санынан мәлімдеме жасаған Сқақов өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 108 екенін айтып өтті.
Өңірде 108 ӨЖА бар. Олардың 65-і инфекциялық және провизорлық стационарларды қолданылып жатыр. Алдағы уақытта тағы 33 аппарат алу жоспарланған. Сондай-ақ, оттегімен қамтамасыз ету 226 нүктесі жұмыс істейді. Тағы 155 нүктені ұйымдастырып, олардың санын 400-ге жеткізу жоспарланып отыр. Облыс бойынша, провизорлық төсекф орындар саны 3462-ге дейін, яғни 4 есеге арттырылды. Орталықтарға бүгін 390 адам түсті, оның 70-тен астамы стационарлар арқылы бөлінді, - деді Әбілқайыр Сқақов. 

Облыстағы дәрі-дәрмек қолжетімділігі туралы баяндай келе, 1,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алатынын жеткізді.
Дәрі-дәрмекті сатып алуға қосымша 1,5 млрд теңгеге тапсырыс берілді. Ол бойынша дәрінің 33 түрі сатып алынады. Дәріханаларға бүгін парацетамол дәрісінің  17 мың қорабы жетті. Ертең дәрі Екібастұз, Ақсу және өзге аудандарға жетеді. Облысқа антибиотиктердің 16 мың қорабы, вирусқа қарсы дәрінің 5 мың қорабы, қызуды төмендедетін дәрінің 8 мың қорабы жеткізіледі, - деді облыс басшысы.
 
Айта кетейік, Павлодар облысында Павлодар облысында коронавирус ауруының 1460 жағдайы тіркелген. 532 адам сауығып, 14 адам көз жұмды. 


 

Барлық жаңалықтар