- Басты
- Жаңалықтар
- PATA - туристік саланы дұрыс дамытуға арналған тетік – М.Харди
PATA - туристік саланы дұрыс дамытуға арналған тетік – М.Харди
-Харди мырза, биыл PATA көрмесін Қазақстанда өткізуге не себеп болды?
- Басты әрі негізгі себеп – көрменің бұрын-соңды Орталық Азияда өткізілмеуі. Орталық Азияға барша әлемнен 40 ұлттың өкілі жиналуы алғаш рет болып отыр. Бұл Қазақстанға туризмді жаңа деңгейге шығаруға тамаша мүмкіндік береді. Себебі, жыл санап бұл елге келуге қызығушылық танытып жатқандардың қатары артуда. Біз үшін бұл елде болу ерекше қуанышты жағдай.
- B2B форматындағы келіссөздердің нәтижесі қандай болмақ?
- B2B – клиенттер үшін ғана емес, бизнес үшін де тиімді. Себебі, бір ортада әр түрлі елден келген сатып алушылар мен сатушылар жиналған. Барлығы тет-а-тет өткізіп, 20 минут сайын басқа спикермен ауысып отырады. Қалған күндері сатып алушылар мен сатушылар арасында ашық диалог жүзеге асырылады. Бұл біз үшін де, Қазақстан үшін де өте маңызды. Аталған көрме – туристік саланы дұрыс дамытуға арналған тетік.
- Көрменің әлеуеті қандай ?
-Меніңше, бұл рефералдар үшін өте үлкен әлеуетті күш. Бұл алаң көптеген адамдар үшін тың жаңалық болып отыр. Көптеген адам осы сынды шараға алғаш келіп отыр. Қаланың да біраз оң жақтары бар. Олар: тартымды, мәдениетті, қуатты, адамдар өте көп және әдемі пейзаждармен ерекшеленеді. Болашақта бұл қаланың туристік әлеуеті өте жоғары болады деп ойлаймын.
-Қазақстанға туристерді қалай тарту керек деп ойлайсыз?
-Қазақстанға Ресей мен Өзбекстан, Қырғызстаннан айтарлықтай көп адам саяхаттап келеді. Қытайдан да туристер келетінін айта кету керек. Сондай-ақ, Еуропа мен Америкадан туристерді тарту әлеуеті жоғары. Себебі, елдің туристік тартымдылығы өте жоғары. Ауа-райының алуандығы да қызықтырады. Мысалы, мен Тайландта тұрамын. Бізде шынымен де, ыстық. Барлық маусымнан ләззат алатын мүмкіндік жоқ.
- PATA-ның жыл сайын өткізу орнын ауыстыруына не себеп?
-PATA Travel Mart соңғы 10 жылда Дели, Джакарта, Маниланы қосқанда көптеген елдер мен қалаларда өтті. Біз жыл сайын өткізу орнын өзгертуіміз – тәжірибемен бөлісу. Біздің негізгі мақсат – әлем бойынша барынша көп қаланы қамту. Кейде сұраныс бойынша бұрын өткізген елдерге қайта оралып жатамыз.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Аягөз Құрмаш
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»