• Басты
  • PATA: Қазақстан туризм саласына саяхатты енді бастады
18 Қыркүйек, 2019 11:07

PATA: Қазақстан туризм саласына саяхатты енді бастады

Нұр-Сұлтанда Азия-Тынық мұхиты аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге әлемнің 60 елінен туристік индустрияның 1000-нан астам өкілі қатысып жатыр. PATA Travel Mart жергілікті және халықаралық туристік нарық ойыншыларына арналған коммуникациялық, іскерлік және нетворкинг алаң болып табылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
PATA: Қазақстан туризм саласына саяхатты енді бастады

Туризм саласының халықаралық тәжірибесі талқыланған шарада басты спикерлердің бірі «Air Astana» Бас директоры Питер Фостер әуе жолының дамуына қатысты жетістіктерімен бөлісті.

«Биылғы жылдары Азия -Тынық Мұхиты елдерінің қауымдастығы 1984 жылы пайда болды. Бұл алғаш рет Қазақстанда өтіп отыр. Демек,ел  жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік алып отыр. Мен Азия елдерімен жақсы таныспын. Мен 1982 жылдан бері  банк саласында жұмыс істеп жүрдім, осы жылмен салыстырғанда біз көп жетістікке қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Азия туристерге ашық. Көптеген туристер Азияға саяхатты жиі жасайды. Саяхат жасау қазір бүкіл әлемге кеңінен тарады. Қазіргі таңда кез келген адам саяхат жасай алады. Бұрын қол жеткізе алмайтын дүниелерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік туды. Саяхат өмір сүруге қызығушылықты ғана арттырмай, жақсы жетістіктерге жетуге жол бастап отыр», - деді Питер Фостер.

Сонымен қатар, ол орнықты туризм мәселесі ғана емес, тиімді түрде саяхат жасаудың қыр – сырына қол  жеткенін атап өтті.


«Бұрын, мәселен, Қытайға баратын мүмкіндік болған жоқ. Қазір барлық жолдар ашық. Туризм саласынан тыс қалған елдер де баршылық. Қазақстан туризм саласына саяхатты енді ғана бастады.Қазір нарыққа шығып, сату мүмкіндігі туып тұр. Менің Қазақстандағы әріптестерім туризмнің тартымдылығы туралы айтады. Мен өзімнің жеке тәжірибеммен бөліскім келіп отыр. Қазақстанда он төрт жыл өмір сүрген тәжірибеммен бөліскім келеді. Қазақстан өте керемет ел. Көптеген әсем жерлерге бай. Біз үшін өте үлкен дариға дала бар. Бұл осы жерде өмір сүрудің өте тамаша факторы. Әлемде ол дамудың алдыңғы шебінде тұр», -деді П.Фостер.

Спикер Қазақстанның тарихымен қоса, туристік тартымдылығы туралы да айтып берді.

«Тарихын алмағанда, бұл елдің табиғаты өте әсем. Адамдар қонақжай. Елдің ерекшелігі батысында Каспий маңында шөл болса, солтүстік пен оңтүстігінде таулар бар, шығысында әсем жерлері бар. Елдің оңтүстігінде Тянь-Шань тауларының етегі басталады. Алматы қаласымен шекаралас жерде осы әсемдік басталады. Оның аймағында табиғи, әсем жерлері айтарлықтай көп», - деді ол.

Сондай-ақ, П.Фостер Қазақстанмен қатар аймағындағы Орта Азиялық көрші елдерге де саяхат жасауға болатынын айтты.

РАТА Туристік қауымдастығы әкімлішілігінің бастығы Тревор Уэлтьмен туристік бағыттағы бизнесті дамытуда екі негізгі компонент керек деген кеңес айтты.

«Алты айға созылған жұмыс нәтижесі осы көрме болып отыр. Сондықтан ұйымдастырушылар,қатысушылар, Қазақстанға алғаш келген делегациялар үшін қуаныштымын. Азия мен аталған аймақ арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үміттенемін. Соңғы 3 жыл бойы түрлі пікір алдым. Алғыс білдіремін. Мен – Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Туристік қауымдастығы әкімшілігінің басшысы Тревел Уэлтьмен. Компанияға 2016 жылы Вьетнамда қосылдым. Бүгін талқыланатын сауалдардың барлығы осыдан 10-15 жыл бұрын, тіпті 5 жыл бұрын болса да, технологияға қатысты болатын. Қазір де солай. Күнделікті өзіңізге мынадай: Азияға саяхатқа барғанда қандай қызметтер ұсынар едіңіз? деген сұрақты қойыңыз. Негізгі маңызды екі компонент: нарықтық және тұрақтылық. Біз технологияларға көп мән береміз. Аймақтан тыс компаниялармен өзара бәсекеге түсу үшін цифрлық технологиялардың маңыздылығы неде? Компаниялардың инновациялық әлеуеті қаншалықты дамыған? Шынында, көбіне цифрлық технология мен маркетингке негізделген болса да, біздің операцияларымызды, бизнес үрдісті қаншалықты деңгейде ұйымдастыруға болатынымызды ойлануымыз керек. Сонымен қатар, тұрақтылық компонентін естен шығармаған жөн», - деді ол.

Айта кетейік, PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық авиакомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.


Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды