- Басты
- Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
Саяси партия лидерлері Еxit poll нәтижесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Азат Перуашев Қазақстан халқын сәтті өткен сайлаумен құттықтады. Сонымен қатар «AQ JOL» партиясының төрағасы саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдірді. Айтуынша, биылғы науқан қауіпті індетпен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан барлық санитарлық талапты сақтай отырып, ұйымдастырылған. Бұл тәжірибе енді алдағы уақытта кәдеге жарап, еліміздің дамуына септігін тигізеді деп сенім білдірді партия төрағасы.
«Меніңшe, біздің партияларымыз, біздің сайлаушыларымыз өздері үшін өте жақсы тәжірибе жинап алды. Ол тәжірибе ары қарай да еліміздің дамуына, еліміздің демократияландыруына өте пайдалы, өзекті болады деп ойлаймын. Соған сенімдіміз және де мен барша «AQ JOL» партиясы үшін дауыс берушілерге өз алығысымды білдіргім келеді. Біз партиямызға көрсеткен сенімді, әрине ақтауға тырысамыз. Оған еш күмән болмасын және де біздің әріптестеріміз басқа да партиялар көсемдерін, Тұңғыш Президентімізді құттықтағым келеді. Осы партияның сәтті өткенімен», - деді Азат Перуашев.
Адал партиясының төрағасы да экзитпол нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Серік Сұлтанғали әуелі партия атынан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлерге дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты. Сондай-ақ ол ұйымның негізінен жастардан тұратынын атап өтті. Әрі сайлауалды кезеңде басталған жұмыстың бұдан әрі де жалғасатынын жеткізді.
«Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәделерін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзитпол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша "Нұр-Отан" партиясы бірінші орында келе жатыр. Заң бойынша барьерден асып кетті. Сондықтан өз басымнан "Нұр-Отан" партиясын құттықтауға болады», - деді ол.
«Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев «ауылдықтарды» қолдап, дауыс берген барша ел азаматтарына алғысын білдірді. Және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін барлық мүмкіндіктердің жасалғанын алға тартты.
«Ауыл» партиясын қолдаған, ауыл партиясына тілеулес болған барлық сайлаушыларға біз өзіміздің ризашылығымызды білдіріп, басымызды игіміз келеді. Бізді қолдаған азаматтардың барлығына. Және аудандық облыстық өңірлік және республикалық штабында жұмыс істеген барлық әріптестерімізге өзіміздің алғысымызды айтқымыз келеді. Шынында көп жұмыс атқарылды. Сайлау біз үшін өте үлкен сабақ болды. Өте үлкен тәжірибе болды. Сайлау біздің еліміздің өркендеуі жолында жинақтаған тағы да бір жұмыс болды деп айтуымызға болады», - деді ол.

«Сайлауалды науқан кезінде депутаттыққа үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиыншылық пен кедергі болған жоқ. Экзитпул нәтижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сайлауалды жұмыстарға қатысқан әріптестеріме және сайлаушыларға ризашылығымды білдіремін», - деді ол.

«Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы – жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды», – деді Елбасы.
Еске салайық, кеше, яғни 10 қаңтар күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Exit poll нәтижесін сілтеме бойынша оқи аласыздар.
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді»
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
-
Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш»

